Павлодарлық диқандар ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумы туралы. Қазақстан Президенті өз сөзінде жеңілдікті несиелендіру үшін жағдай жасаудың және мемлекеттік субсидияларды кезең-кезеңмен қысқартудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бастамаларды өңіріміздің кәсіпкерлері де қолдады.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Бұл саланы дамыту ғылыми негіздемелерге сүйене отырып жүру керектігін айтты.

Форумда айтылған бастамаллар павлодарлық шаруалардың да көңілінен шықты. «Agro Vita» қожалығының басшысы Виталий Беспалов ауыл шаруашылығын субсидилауға қатысты айтылған бастама көңілінен шыққандығын айтады.

ВИТАЛИЙ БЕСПАЛОВ, «AGRO VIVA» ЖШС БАСШЫСЫ

Президент барлығына жақсы бағыт берді деп ойлаймын. Оның бізге қамқор екендігін , мәселелерді көретіндігін, біздің қамымызды ойлайтындығын түсінеміз. Бізде қазір, шамамен айтқанда, банктердегі пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мәселесі бар. Енді бұдан алыстайтынымызды тікелей айтты

Виталий Беспаловтың шаруа қожалығы жұмысын бастағанына көп болған жоқ. Сондықтан, кез - келген жаңа кәсіпорын сияқты бастапқыда қосымша инвестицияларды қажет етеді. Құрылғанына бір жыл ғана болған «Агро Витаның» Заря ауылдық округінде орналасқан егіс көлемі 900 гектарға жуық. Қазірдің өзінде 300 гектардан астам жер игерілді.

ВИТАЛИЙ БЕСПАЛОВ, «AGRO VIVA» ЖШС БАСШЫСЫ

Қиындықтар болды. Мәселен, бес айдан бері ешқандай субсидия алмаймыз. Форумда Президент барлығы өзгеретіндігін айтты. Ескі құбырды сатып алып, жер жалдадық. Бір жыл бойы құбыр тарттық. Жаңа стансия салып, электр, сорғы жүйесін жаңаладық

Келер жылы картоп пен сәбізді Қазақстан нарығына және шетелге сатуды жоспарлап отыр. Биыл тәжірибе ретінде сарымсақ еккен. Айтуынша, топырақ та, өсімдіктер де қатаң сараптамадан өтеді.

Кәсіпкер төрт жылда аумақты түгел игеруді жоспарлап отыр. Оған қоса шаруа жақсы болса, шаруа қожалығының жанынан жұмысшыларға арналған үйлер мен спорт кешені бар шағын ауыл салуға да ниетті.

Жанасыл Серікбол