Жылдың аяқталуына 1 жарым ай қалды. Сондықтан аудан әкімдері макро көрсеткіштерді орындау үшін барлық күштерді салуы керек деді аймақ басшысы бүгінгі аппарат жиынында. Жалпы 10 айдағы әлеуметтік экономикалық даму және бюджетті игеру процесі қалай? Тілшіміз айтсын.
Осы жылдың 10 ай қорытындысы бойынша барлық макрокөрсеткіштерде оң динамика байқалады. Биыл Павлодар облысы экономикасына 815 млрд теңге инвестиция тартылды. Ауыл шауарышылығы саласында 373 млрд теңгеге тауар өндірілген. 296 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Ішкі сауда 16 пайызға өскен.
ИРИНА НАЗАРЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өңірдің аудандарында барлық индикаторлары бойынша көрсеткіш жақсы. Яғни қалалар мен 7 ауданда байқалады. Ал, Аққулы, Ертіс, Баянауыл аудандарында өндеу өнеркәсібі бойынша динамика көрсеткіші төмен. Аудандар әр ай сайын динамиканы жақсартып келеді, бірақ әлі де жұмыс жасау керек. Облыс экономикасына тартылған инвестиция көлемін 865 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Құрылыс саласында 11 пайызға өсім бар. Жылдың соңына 60 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарда. Осылайша 11 айдағы экономикалық индикатор 5,8-6 пайызды құрайды.
Басқарма басшысы жылдың соңына қарай барлық көрсеткіштер тиісті деңгейде орындалу керек деді. Көлік және қоймалау бойынша тәуекелдер бар екенін айтты.
ҚАНАТ ҚАШКИРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Теміржол транспортының жолаушылар тасымалында көрсеткіш төменген 10 млн тоннаға. Бұл жалпы көлемге кесірін тигізіп отыр. Біз бұны автомобиль транспортының тасымалын 138 пайызға көтерумен жауып отырмыз. Жылдың соңына дейін 120 пайыз көрсеткішті орындау керекпіз деп ойлаймыз.
Павлодар облысында бюджет сомасының 4,8 млрд теңгесі игерілмеді. Оның ішінде құрылыс басқармасы 441 млн теңге, Екібастұз қаласы 809,4 млн теңге, Ақсу қаласы 657 млн теңге, Железин ауданы 385, 4 млн теңге, Баянауыл ауданы 177,5 млн теңгені игермегені анықталды.
ЖЕҢІС ШАҚАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Облыс бюджетіне кірістер 295,7 млрд жоспарланып 101,5 пайызды құрайды. Кірістер жоспар барлық өңірлерді атқарылды. Қоршаған орта төлем 2 млрд теңге.
Ал, өнеркәсіп бойынша бірнеше ауданда көрсеткіш төмен болып шықты.
РУСЛАН МҰҚАНОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Респонденттің есеп беру кезеңінде көрсеткіштің төмендеуі байланысты. Дегенмен оң динамика байқалады. 95 пайызбен болжап отырмыз. Көрсеткіштері есептелетін болады.
Осы ретте облыс әкімі жыл соңына дейін 1,5 ай қалды сондықтан аудан әкімдеріне тиісті макрокөрсеткіштерді орындау үшін барлық күштерді жұмылдыруға тапсырма берді.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қалалар мен аудандар әкімдері облыстық бюджеттік бағдарламар. Салалық басқармалар мен аудан әкімдері оң динамикасын қамтамасыз етсін. Дәурен жамбайбекке жүктемін.
Жалпы 10 айдағы облыстың әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші тиісті дегенде деді, өңір басшысы.
Самал Қалиқызы