Биылдан бастап «Ұлттық қор балаларға» жобасы іске аса бастады. Оған еліміз бойынша 7 миллионға жуық бала қатысуда. Ал, Павлодар облысында 213 мың 134 бала. Оларға ұлттық қордан алатын алғашқы үлестері жылдың басында төленді.
Қазақстан республикасының толыққанды азаматы саналатын әр балаға ұлттық қордың жарнасы автоматты түрде аударылады. Ол қаражатты 18 жасқа толғанға дейін ешкімнің пайдалануға құқығы жоқ. Бала кәмелет жасына толған соң ол қаржыны екі мақсатта: білім алуға және үй алуға жұмсай алады. Жыл бойы жасы он сегізге толған азаматтар жарнасы алуға арыздарын тіркеуде.
Егер азамат бұл құқығын пайдаланбаса ол қаржы ерікткі зейнетақы қорына аударылады. Ал, өзге елдің азаматтығын алған жағдайда бұл қаражатты пайдалану құқығынан айырылады.
Жанасыл Серікбол