Тереңкөл ауданындағы Оқушылар үйі көп жылдар бойы тыңғылықты жұмыстар атқарып келеді. Ұжым өткен жылы облыс әкімі грантын жеңіп алып, оқушылар үйінің техникалық базасын жаңартты. Толығырақ тілші материалында.

Жас жеткіншектердің интеллектуалды дамып, кәсіби бағдарлануына мектептен тыс білім беру жүйесі мен тәрбиенің тигізер үлесі ерекше. Аудандық Оқушылар үйінде 850 бала түрлі бағытта қосымша білім алады. Жалпы саны 33 үйірме бар. Өткен жылы облыс әкімінің грантын жеңіп алған ұжым балаларға сапалы білім беру мақсатында жоғары сападағы техникалық құрылғыларды сатып алды.

ҚЫМБАТ НҰРПЕЙІСОВА, ОҚУШЫЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Облыс әкімінің грантына қосымша білім беру ісіндегі үздік ұйым аталымында қатысып, 50 млн теңгені жеңіп алдық. Бұл қаражатты тиімді әрі керек нәрсені сатып алуға жұмсадық. Мысалы, кабинеттерге компьютер, лэд-экран, 17 тігін машинасын және сапалы контент жасау үшін дрон сатып алынды. Мұндай техникалардың барлығы біздің үйірмелрге өте қажет, оқушылардың қызығушылығын да арттыра түсеміз.

Бекжан Маратұлы фото және бейнестудия, жас блогерлер, 3D модельдеу және киберспорт бағыттарында сабақ береді. Әрбір үйірмеге 15 баладан қатысады. Гранттың арқасында компьютерлер, дыбыс жазу құрылғылары, студиялық мониторлар алынған. Бұл арқылы әр сабақта заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып келеді.

БЕКЖАН ӘМІРҚАШЕВ, ҚОСЫМША БІЛМ БЕРУ ПЕДАГОГІ

3D модельдеу үйірмесінде үйлердің жобаларын қарастырамыз, бұл көбінесе архитектура, дизайн бағытына жатады. Соынмен қоса фото және бейнестудияда балалар осы журналистиканы үйренеді. Актерлық дубляждары бойынша бірнеше жоба іске асып жатыр. Киберспорттың арқасында балалардың моторикасы дамиды, сосын таңдау жасау, командалық жұмыс жақсы дамиды.

Үйірме оқушыларының жетістіктері туралы ауыз толтырып айтуға болады. Оқушылар аудандық, облыстық, республикалық байқауларға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Әр бағыттағы үйірмелер баланың бойындағы шығармашылық қабілеттерін артыруға мүмкіндік беріп келеді.

БЕКЖАН ӘМІРҚАШЕВ, ҚОСЫМША БІЛМ БЕРУ ПЕДАГОГІ

Алдағы уақытта қысқаметражды фильмдер түсіруге кірісейік деп отырмыз. Өйткені қазіргі уақытта соған барлық ммүкіндіктер бар. Бұрын бір камерамен ғана шектелген болсақ, биыл үш камералық сьемкаға көшіп отырмыз. Сонымен қоса, подкаст түсіріп жатырмыз. Балалардың қызығушылықтары жоғары. Жобаларын көрсетіп жатады, түрлі блог түсірейікші деп айтады. Оған ешқандай бір шектеу қойылмайды. Бір жағынан орын да жетпей жатады. Тағы да орындар ашамыз деген мақсаттар қойлыып отыр.

Әрине талай баланың қабілет-қарымын шыңдап, олармен жұмыс істейтін педагог мамандардың да еңбегі зор. 1999 жылы жұмысын бастаған аудандық Оқушылар үйінің әрбір ауылда филиалдары бар. Алдағы жылы ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Қымбат Садық