Павлодарлық полицейлер бір тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі. Браконьерлерге екі миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

Өңірде 20 қазан мен 19 қараша аралығында браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

ЖАНАР БІЛӘЛОВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Аққулы ауданында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Lada Priora маркалы көлік тоқтатылды. Автокөлікті тексеру кезінде көлік құралының тіркемесінде «артемия салина» шаян тәрізділері бар 16 қап табылды. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тәркіленген шаян бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

Іс-шара басталғаннан бері полицейлер табиғатты қорғау заңнамасының 135 бұзушылығын анықтаған.

Самал Қалиқызы