Павлодар қаласының №14 мектебіндегі кеңес одағы батырларының құрметіне арналған мұражайда жаңа бөлім ашылды. Бұл бөлім Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналады. Толығырақ келесі сюжетте.
Ашылу салтанатына Панфиловшылар іздеу жасағының мүшелері, ардагерлер мен мектеп оқушылары қатысты. Жаңа бөлімде батырлар ерліктерінің тарихы, олардың жауынгерлік жолдары мен естеліктері сақталып, ұрпаққа үлгі ретінде ұсынылған.
ӘНУАР ӘДІЛОВ, №14 МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін біздің метеп мұражайында жаңа бөлім ашылып жатыр. Осы бөлімнің ашылуы 2018 жылдан бастап дайындығы басталған. Негізі оның белсенді қатысқан мектеп мұражайының жетекшісі Утепов Бақытжан. Ол өзі іздеу жұмыстарына қатысқан. Сонымен қатар Панфиловшылар қозғалысының жетекшісі де Беларусь Ресей аумағында іздеген. Сонымен қатар іздеу жұмыстарына бідің мектеп оқушылары да қатысты.
Мұражайдың жаңа бөлімінде іздеу экспедицияларынан әкелінген ерекше экспонаттар қойылды. Бұл артефактілер – соғыс даласында табылған жәдігерлер, оның ішінде оқ-дәрі қалдықтары, солдаттардың жеке заттары мен тарихи құжаттар бар.
РАФАЭЛЬ МҰХАМЕДЖАНОВ, «ПАНФИЛОВШЫЛАР» ІЗДЕУ ЖАСАҒЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мында іздеу экспедицияларынан әкелінген экспонаттар қойылды. Жалпы біз далалық іздеумен айналысамыз. Бұл артефактілерді әкелген себебеміз, оқушыларға бұрын болған қорқынышты соғыстың іздерін көре алатындай мүмкіндік жасаймыз.
Шара барысында ардагерлер оқушыларға батырлардың ерліктерін ұмытпауға үндеді. Мұражай арқылы оқушылар тарихты тек оқып қана қоймай, оны көзбен көріп, жүрекпен қабылдай алады.
Сабина Жолдаспаева