Павлодар облысында егін жинау науқаны аяқталды. Шаруалардың биылғы жұмысына аймақ басшысы жақсы баға берді. 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындықты ертерек қолға алуды тапсырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша нақты қадамдар жасалып жатқанын атап өтті. Негізгі мақсат – ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру. Өңірде жалпы егін жинау жұмыстары аяқталды, жақсы нәтижеге қол жеткіздік деді аймақ басшысы.
ДАРХАН ДОСЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ауыл шаруашылығы дақылдарының 1 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәндік дақылдар 328 мың гектар, майлы дақылдар 324 мың гектар, картоп 24800 гектарды құрады. Егін мөлшері 928 мың гектар 1 млн 116 мың тоннаны құрады.
Егін жинау науқанына барлығы 2286 түрлі модификациядағы трактор, 2284 комбайн, оның ішінде 2140 астық жинайтын комбайн, 1030 жатка, астық тасымалдауға 2668 автокөлік және 1275 трактор тіркемесі жұмылдырылды. Бүгінгі таңда жиналған өнімнің барлығы қоймаларға жеткізілді.
ДАРХАН ДОСЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Элеваторлармен сақтау қоймалары жалпы сыйымдылығы. Электордағы астық көлемі 100 мың тонна. Барлық көлем ішінде бидай 53400 тонна. 1800 тонна газ бөлінді.
Биыл өсімдік шаруашылығын қолдауға 7,5 млрд теңге субсидия бөлінді, оның бәрі игерілді. Қазіргі күні майлы дақылдарды жинау жалғасып жатыр. 374 мың гектардан 330 мың гектары жиналды. Жалпы түскен өнім 314 мың тонна болса, орташа өнімділігі гектарына 9,5 центнерді құрап отыр.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Егістік көлемі және жердің алқабының өзгерістерін көріп тұрмыз. Дәнді дақылдардан майлы дақылдарға біздің диқаншылар көшіп келе жатыр. Бұл өзгерістер өте дұрыс менің ойымша. Майлы дақылдар сұранысқа ие нарықта бұл стратегия бойынша ары қарай жұмыс жасау керекпіз.
Асайын Байханов ауыл шаруашылығы басқармасына келесі жылға майлы дақылдар бойынша алқап көлемін ұлғайтуды тапсырды. Ал қалалар мен аудандардың әкімдері 20 желтоқсанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарын толық талдау керектігін айтты.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауыл шаруашылығы басқармасы аудан әкімдері 2024 жылдың 20 желтоқсанға бақылауға алсын. «Кеңдала» бойынша несие беруді жеделдетсін. Айгерім Қабылтаеваға жүктеймін.
Осылайша бүгінгі аппарат кеңесінде өсімдік шаруашылығы бағытында жыл бойы атқарылған жұмыстар пысықталды.
Самал Қалиқызы