Топырағы құнарлы, малға жайлы аудандардың бірі -Тереңкөл. Ауданда қазір 19 мыңнан астам халық өмір сүреді. 30 ға жуық елдімекен бар. Биыл Тереңкөлде бірқатар жобалар іске асып, халық игілігіне берілді. Бұл туралы «Әкім сағаты» жобасына қатысқан аудан әкімі Азамат Маңғұтов баян етті.
Биыл Тереңкөл ауданы 267 мың гектар алқапқа егін егіпті. Оның ішінде 106 мың гектар жерге майлы дақылдар, мал азығы себіліпті. Өнім мол шығып, шаруалар қор жинап алған.
АЗАМАТ МАҢҒҰТОВ, ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Биылғы жылы егін ору жайлы айтатын болсақ, 276 мың гектар егіліп отырлды. Оның ішінде майлы дақылдар 106 мың гектар. Бидай арпа 160 мың гектар. Орташа 10-12 центнер гектарынан алынды.
Сонымен қатар, мал шаруашылығының үлесі артты. Тереңкөл ауданындағы сүт-тауарлы фермаға Голштин ірі қара тұқымының 135 басы әкелінді.
АЗАМАТ МАҢҒҰТОВ, ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Томарлы ауылында биылғы жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы оның инвестицияның 850 млн 200 қара Галштин тұқымды тікелей Германия елінен бүгінгі күні 135 ірі қаа әкелінді. Ол сүт тауарлы фермасын 600 ден 800 басқа дейін ол тек қана бір шаруа қожалығында .. ол үлкен серпін береді ауыл халқына.
Бұдан бөлек, елдімекендерді дамытуға арналған «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы орындалып келеді. Биыл Калиновка және Береговой ауылдарында бірқатар әлеуметтік нысандар жөнделіп, ауылға жарық тартылып, жол жаңарыпты. Келер жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы Песчан және Ивановка ауылдарына жетеді. Онда мектеп, мәдениет үйі, медициналық пункт салынып, асфальт төселеді.
Әйгерім Тоқпанқызы