Чехов атындағы Павлодар облыстық театрының кезекті премьерасы қойылады. Көрерменнің назарына Федор Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романы бойынша сахналанған қойылым ұсынылады. Бұл қойылымның ерекшелігі неде? Келесі сюжеттен көрейік.
Бұл қойылым ар-ождан, адамгершілік және азғыру сынды мәңгілік тақырыптарды сахна арқылы көрерменнің жүрегіне жеткізуді мақсат етеді. Дайындық барысында әрбір сөз бен қимыл мұқият зерттеліп, талданады. Актерлер кейіпкерлерінің тағдырын жан-тәнімен сезініп, олардың ішкі қайшылықтарын шынайы жеткізуге тырысады.
«Қылмыс пен жаза» қойылымы көрермендерді адамгершілік пен әділдік туралы терең ойларға жетелейді. Бұл тақырыптың тереңдігі Достоевский шығармасына тән ерекше стилімен беріліп, бүгінгі заманмен үндеседі.
ВИКТОР АВВАКУМОВ, А.ЧЕХОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЕАТРДЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Менің ойымша, спектакльдің тақырыбы көрерменді бей-жай қалдырмайды. Достоевский мен біздің қойылымымыздың басты идеялары – жақын адамдарға жанашырлық таныту, адамның ішкі жан дүниесін ояту. Біз әрине шынайы түрде спектакль жасауға тырыстық. Себебі, қойылымда ерекше бейнелер бар. Көрермен бізбен диалогқа түседі деп үміттенемін.
Қойылымда рөлдерді тәжірибелі мамандармен қатар, жас талантты актерлер де сомдайды. Спектакльдің негізгі кейіпкері, Радион Раскольников. Бұл рөлді сомдайтын жас жігіт театр әлемінде талантты актер ретінде танылған.
БОГДАН МАТЫСКИН, АКТЁР
Ең алдымен, бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Маған мұндай жауапты рөлді сеніп тапсырғандары үшін қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Әрине, қобалжу да бар. Себебі, өзіме де, әріптестеріме де қателік жіберуге болмайды.
Спектакль көпшіліктің назарын бірден аударып, көрермендердің премьерадан бұрын билеттерін сатып алуынан оның үлкен қызығушылық тудырып жатқанын көруге болады. Қазіргі таңда, осы қойылымның театр тарихында маңызды орын алатыны айқын көрініп тұр, себебі оның терең мазмұны мен шеберлікпен сахналануы көрермендер жүрегінен орын табатыны сөзсіз.
Сабина Жолдаспаева