Даун синдромы бар Ақсу қаласының тұрғындары тиісті медициналық көмекті тегін ала алады. Жергілікті медициналық орталық Павлодар қаласындағы оңалту мекемесіне баратын жолақысын да өздері көтереді. Толығырақ келесі сюжетте.

Санжар ерекше бала. Осындай балалардың иммунитеті төмен, жүрек талмасы бар. Асқазан-ішек жолдары жиі ауырады. Сондықтан Даун синдромы бар науқастар медициналық көмекке жиі жүгінеді. Ақсу қаласында бұл көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында тегін көрсетіледі. Яғни қор шығындарын мемлекет өтейді.

ӘЛИЯ САҒЫМБЕКОВА, МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Олар барлық сарапталамаларды міндетті әлеуметтік медициналық сараптама аясында тегін тапсыра алады. Біз массажға, жүзуге жібереміз, яғни баланың денсаулығы мен дамуына жақсы әсер ететін әдістерді ұсынамыз Павлодарға жібереміз. Оның барлығы тегін. Одан бөлек, отбасыларға қаржылай көмек көрсетеміз, яғни жолақысына көмектесеміз.

Әзірге клиникада Даун синдромымен бір пациент бар. Бірақ басшылық бұл көмек осы сырқатпен келген барлық адамдарға көрсетіледі дейді. Медициналық орталық керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Яғни зертханалармен, ультра дыбыстық зерттеулермен қамтылған. Бұл жерде жүректі де тексеріп алуға болады.

ЛАРИСА МАДИРОВА, МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЕМДЕЛУШІСІ

Балам жиі ауырады. Осында жиі келеміз. Көрсетілетін қызметтің сапасы жақсы. Қызметкерлері өте сыпайы, бір-бірімізді танып алғанбыз.

Аталмыш клиника Ақсу қаласы, Әуезов 48 көшесінде орналасқан. Қосымша хабарды

Самал Қалиқызы