17 қараша Халықаралық мерзімінен туған нәрестелер күні деп белгіленген. Облыстық перинаталдық орталықта шала туған еріктілер өз қолдарымен тоқылған киімдерді тарту етті. Толығырақ тілші материалынан көрейік.

Әлемде әрбір оныншы бала шала туады екен. Яғни, бұл 37 аптадан бұрын туған балалар. Біздің перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде 13 нәресте жатыр. Олардың салмағы бір келіден аспайды. Орталықтағы білікті, тәжірибелі мамандардың еңбегі зор деп айтуға болады.

ҚАРЛЫҒАШ РАИСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫ ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕОНАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ

Ең кем дегенде 2 айдай осы перинаталдық орталықта жатады. Өйткені бірінші айында тыныс жетіспеушілік ақаулары болады, ол өкпенің дамығанынан. Одан кейін өздігінен демалу көп уақытты алады, осындай себептермен бала көп жатады.

Шала туған нәресте денсаулығы дұрысталғанға дейін ерекше күтім мен медициналық көмекке мұқтаж. Сондықтан дәрігерлер мұндай балаларға ерекше күтім жасайды.

ҚАРЛЫҒАШ РАИСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫ ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕОНАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ

Күніне 2 рет келіп,кенгуру әдісіне әке-шешесі келіп, 30-40 минут немес 1 жарым сағатқа дейін кеуделеріне алып отырады. Ол бала мен ананың, бала мен әкенің арасындағы байланысты нығайтады, екіншіден иммунитеттік деңгейді жоғарлатады. Және тамақтану бар. Ол баланың салмақ қосып, тыныс жетіспеу проблемасы шешіледі. Ана сүтін құнарландыратын препараттар бар, солардың арқасында балалар тезірек жетіледі.

Мерзімінен бұрын туған нәрестелер белгілі бір салмақ қосқанша, арнайы кереуеттерде жатады. Осы кезде шақалақтардың денесін жылы ұстау үшін тоқылған киімдердің пайдасы зор. Өңіріміздегі тоқыма тоқу клубының еріктілері бас киім, кеудеше, ойыншықтарға дейін тоқып, сыйға тартты.

ШУМ: СВЕТЛАНА МАХНАЧ, ТОҚЫМА ТОҚУ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ

Барлық тоқылған киімдер баланың терідегі рецепторларына әсер беріп, оянуына, талпына түсуіне ерекше әсер етеді. Арнайылап жұмсақ жіптерді алып тоқыдық. Менде де 2 нәрестем шала туылып, дүниеге келді. Мұның қандай қиын екенін де түсінеміз, сондықтан барлық әкелген сыйымыз махаббатпен жасалды.

Баланың дүниеге келуі – адам өміріндегі үлкен қуаныш. Ал, мерзімінен бұрын босану ана мен баланың денсаулығына, өміріне қауіп төндіреді.Сондықтан, дәрігерге уақытылы қаралып, денсаулыққа аса мән берген жөн.

Қымбат Садық