Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Командалар мемлекеттік қызметкерлерден құралды. Жарыстың тартысты сәттері алдағы материалда. 




Баршасы әуелі қатар тұрып мемлекеттік әнұрнаға құлақ қойды, Қолдарын кеуделеріне қойып, құрмет көрсетті. Жарысқа жиыны 11 команда қатысты. Өзара тығыз байланыс, ұжымдық бірлікті арттыру үшін осынау спортық шараны ұйымдастыруды жөн көрген. 

Күш пен жігер мемлекеттік қызметкерлерге де тән дейді қатысушылар. Күнделікті жұмыстан қолдары қалт еткенде спортты серік еткен қызметшілер аз емес. 

Ұтымды пас пен ұтқыр атктиканың нәтижесі жеңіс. Осынау жасыл алаңдағы тәжірибе мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті жұмыс барысында да іске асуы әбден мүмкін. 


Жанасыл Серікбол