Ат десе, делебесі қозатын, шабандоздар үшін жақсы жаңалық. Павлодарда су жаңа ипподром ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне 8 мыңға жуық халық жиналды. Толығырақ тілшіміз Самал Қалиқызы айтсын.
Самал Қалиқызы, тілші
Бүгінде өңірімізде ұлттық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсаттағы ірі жобалардың бірі жаңа ипподромның ашылуы. Жаңа ииподром ат жарыстарын өткізетін орын ғана емес. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін спорт нысаны. Бұл жерде теңге ілу, бәйге, көкпар сынды спорт додаларын өткізуге жақсы жағдай жасалған.
Сонымен «Ертіс Павлодар» жаңа ипподромы Шарбақты көпірі аумағында орналасқан. Ұзындығы 2 мың шақырымды құрайды. Екі жақтағы трибуналар 1027 орынға шақталған. Аумақта 20 орындық атқора, жылқыларды дайындайтын жаттығу алаңы, автотұрақ орналасқан. Жаңа спорт нысанының ашылуына орай өңірімізде алғаш рет «Ертіс Баян кап» чемпионаты өтті. Салтанатты рәсім аймақ басшысының құттықтау сөзімен басталды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Бүгін біз рухани болмысызды ұлықтайтын сәттің куәсіміз. Мемлекет басшысы ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ертіс Баян өңірі қазақ тарихының ерекше өңірі. Бүгінгі игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін.
Ат десе делебесі қозып, жүйрік десе жүрегі тулайтын халықпыз. Тұлпар тұяғының дүбірі талай тарихи кезеңнің куәсі болды. Жаңа ипподромның ашылуы да тарихи сәт, ұлттық спорт дамуынының жаңа кезеңі.
Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
Бүгінгі жарысқа қатысуға еліміздің түкпір түкпірінен ғана емес, өзге елдерден Қырғызстан, Ресейден келгенде де болды. Моңғолия елінен балуандар келді. Жалпы жарысқа қатысуға 100-ге тарта тұлпар ниет білдірген. Аламан бәйге 18 шақырымға 30 шабандоз қатысады. Жаңа ипподромда өңірдің шабандоздары дайындалатын болады. Жылқыға отыруға үйренуге, жалға алуға да болады.
«Ертіс Баян кап» чемпионатында ат жарысының екі түрі болды. Шабандоздар жайшабыс пен бәйгеде бақтарын сынады. Спринтер жүлдесінде Тараздан келген ВИа КОн ми жүйрігі бірінші орынды алып, иесі су жаңа көлікке ие болды.
Диас Жеңіс, шабандоз (Тараз)
Бүгін Алланың қалауымен спринтер жүлдесінде бірінші келді. Тұлпардың аты Виа Кон ми. Ол Англиядан РОял аскеттан әкелінген. Тренерім Эдуар Ахмолдин. Жылқының иесі Тастан Жанысбаев. Маған осы жүйрікті тапсырып, шабуға рұқсат берген сол кісілерге алғысымды айтамын. Маған сенген барлық достарыма, әке шешеме рахмет.
Бұл Павлодар қаласындағы екінші ипподром. Бұрынғы«Құлагер» ипподромы 2015 жылы ашылған еді. Жаңа спорт нысаны халықаралық деңгейдегі додаларды өткізуге мүмкіндіктер береді, деді спорт комментаторы Шыңғыс Тау.
Шыңғыс Тау, ҚР бәйге федерациясының өкілі
ҚР чемпионаты өтіп жатыр, қазір көктем айынан бастап, күзге дейін өтеді. Әр өңірге барып, әр өңірдің мпподромдарын көріп жатырмыз. Өте жақсы салынған. Стандартқа сай, трибуна салынған. Ат жарыс болғасын, бәрі әдемі, құмы да жақсы төселген. Бағана басып, барлығын қарап көрдім. Жаңа деңгейде жасалған ипподром. Биыл жылдағыдан қараған кезде ұлттық спорт, бәйге спорт ыерекше дамып жатыр. Өңірлерде бәйге өте көп, бірінен бірі озып, керемет бәйгелер өткізіп жатыр. Жылдан жылға халықтың қарасы артып келеді. Одан күмән жоқ енді.
Қалалық әкімдіктің ақпаратынша осы шараға 8 мыңға жуық адам жиналды. Олар үшін құмай тазы мен қазақы төбет көрмесі, қолөнер көрмесі және қазақ күресінен жарыс өтті. Түйе палуандар күресінде 30 спортшы кілемге шықты. Автокөлік демекші, бұл күні жеңімпаздарға 7 темір тұлпар сыйға тартылды. Бұдан бөлек, қонақтар арасында лоторей билеттері ойнатылды. Жалпы жаңа ипподромның ашылуына келген азаматтар жылы лебіздерімен бөлісті.
Жанбота Умиев, қала тұрғыны
Облысымызда жаңа ипподром ашылып жатыр. жастарға өнеген деп ойлаймын. Қазақтың ұмытылып бара жатқан ойындары жастарға өнеге болады деп ойлаймын. Халық жиналды. Соларға денсаулық, еліміз жарқырай берсін, елімізде осындай тойлар көп бола берсін.
Жаңа ипподромның ашылу салтанаты ауқымды атап өтілді. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Самал Қалиқызы