Қазақ ғылымы мен руханиятының дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Айтмұхамет Қасымбайұлы Тұрышевтің 70 жас мерейтойына орай «Жаһандану кезеңіндегі тіл теориясы мен тарихы мәселелері және "Түгел адам" концепциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Толығырақ сюжетте. 


Айтмұхамет Тұрышев – қазақ филологиясы ғылымына елеулі үлес қосқан белгілі мәшһүртанушы ғалым. Ол ұлы ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен рухани мұрасын зерттеуге саналы ғұмырын арнап келеді. Ғылыми жиында ғалымның ғылымдағы жолы, зерттеулері мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі кеңінен сөз болды.

Айтмұхамет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы, профессор

Мені ғылым жолына әкелген өзімнің ауылымда кезінде біздің Аяғөз ауданында доктор науктар келіп тұратын, одан кейін мен униеверситетте жүргенде менің ұстаздарым Қуаныдық Пазлович, одан кейін Қаймұхаметқан міне 110 жылдығы өтті. тағы да көптен ұстаздарымыз маған өнеге берді. Оның ішенде Қайым аға мен Қуандық ағалар маған ғылым жолына салып, зерттеу, архив жинау екі қолжазбалар болса алып кел деп сөйтіп мені ақырын-ақырын баулып мені ғылым жолына салып жіберді.

Конференция аясында «Жаһандану кезеңіндегі тіл теориясы мен тарихы мәселелері және "Түгел адам" концепциясы» тақырыбында арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда тіл білімі, түркология және мәшһүртану бағытындағы еңбектер көпшілік назарына ұсынылды.

Жанар Серікова, Торайғыров университеті Beisembayev Library кітапханашысы 

Бұл көрмеде тіл мәселесіне байланысты кітаптар қойылған. Және де тіл ғылымын, Мәшһүр тануды зерттеп жүрген ғалым Айтмұхамет Қасымбайұлының зерттеу жұмыстары осы көрмеде қойлыған. Жалпы тоқтап кететін болсақ түркі тілдері мәселесі көтеріліп жатқанын білесіздер. Соған байланысты бізде бірнеше кітаптар бар, тіл білім мәселелері деген кітаптар бар. Бізде ұлт ұстазы болған Ахмет Байтұрсынұлының таңдалмалы шығармалары бар біздің кітапханада. Ол алғаш рет ағылшын, түрік тілдеріне аударылып отыр. Онда әдебиетті тануға байланысты мақалалары, баяндамалары, және де басқада зерттеу жұмыстары енгізілген.

Ғылыми жиынға профессордың әріптестері, жақын туыстары мен шәкірттері қатысты. Бүгінде олар еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінде қызмет етіп жүр. Қатысушылар ұстаздың ғылымдағы орны мен өнегелі жолына арналған баяндамаларын ұсынды.

Гүлнәр Сәрсеке, Л.Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты (Астана қаласы)

Айтұхамет ағай мен үшін ұстаз. Себебі 1990 жылы алғашқы дәріс берді. Ол кісінің еңбекқорлығы, табандылығы бізге бірген білімі біздің қазргі жеткен жетістігіміз осы кісінің қосқан үлесі деп білемін. 

Екі күнге жоспарланған ғылыми конференцияның бағдарламасы мазмұнды іс-шараларға толы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мерейтойлық басқосу – ғылым мерекесі. Ертең конференция аясында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасын зерттеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Дильназ Қуанышбекқызы