Облыста аға буын өкілдері арасында спорттық қозғалысты белсендірек дамыту жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жаңа мүмкіндіктер Қазақстан спорт ардагерлері одағының өңірлік филиалын құру арқылы ашылмақ. Жоспарлар туралы толығырақ келесі сюжетте..
Өткен жылдан бастап елде белсенді азаматтардың бастамасымен және мемлекеттік органдардың қолдауымен «Қазақстан спорт ардагерлері одағы» жұмыс істеп келеді. Оның негізгі миссиясы – спорт ардагерлеріне қамқорлық жасау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және спорт арқылы патриоттық құндылықтарды нығайту. Одақ өкілдері Павлодарға келіп, Ертіс өңіріндегі әріптестеріне шынайы алғыстарын білдіріп, төсбелгілер табыстады.
Елсияр Қанағатов, «Қазақстандық спорт ардагері одағы» РҚБ төрағасы
Жалпы Қазақстан спорт ардагерлер одағы туризм және спорт министрлігінің қолдауымен осы адгерлердің ұсынысымен ашылған Қазақстанда бізде 12 филиалымыз бар. Жалпы спот ардагерлері еліміздің осы дүниежүзіне танытқан спортшылармыз бар арамызда. Біздің құрамда болу үшін кем дегенде спорттан хабары болуы керек.
Кездесуге қатысушылардың айтуынша, Павлодар облысында аға буын өкілдерін турнирлер мен жарыстарға тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл тәжірибе басқа өңірлермен салыстырғанда аймақты айрықша көрсетеді, себебі мұндай бастамалар әлі барлық жерде кең тарала қойған жоқ. Дегенмен, даму мен жетілдіруді қажет ететін бағыттар әлі де бар.
Виктор Бондарь, спорт ардагері
Бізге спорттық өмірге әлі белсенді араласа қоймаған ардагерлерді көбірек тартуға мүмкіндік беріліп отыр. Бұл облыс басшылығының бізге назар аударуына, біздің бар екенімізді және әрі қарай дамуды қалайтынымызды түсінуіне ықпал етеді. Біз спорттық-техникалық базаларда тек жастар ғана емес, ардагерлер қозғалысының өкілдері де жаттыға алуы керек деп есептейміз. Біздің қатарымызда мұндай адамдар өте көп.
Марапатталғандардың бірі – жүзу бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Лев Акопов. Ол 35 жыл бойы Павлодар жүзу мектебін басқарған. Осы жылдар ішінде ол өңірдегі бұл спорт түрінің дамуына зор үлес қосып, көптеген чемпиондарды тәрбиеледі.
Лев Акопов, спорт ардагері
Бізді ұмытпай, осындай шараларға шақырып жатқаны өте жақсы. Біз де жастарға көмектесуге тырысамыз. Бұл бізге күш-қуат береді әрі: «Әлі де өмір сүріңдер, жақсы істер жасаңдар, жастарды тәрбиелеңдер, біз де сендер сияқты болуға тырысамыз», – дегенді білдіреді. Мен де бірінші сыныптан бастап қабылдап алған балаларыммен әлі күнге дейін жұмыс істеп келемін. Қазір олар он бірінші сыныпқа өтті. Өмір жалғасуда.
Кездесу қорытындысы бойынша барлығы 30 спорт ардагері лайықты марапаттарға ие болды.
Дильназ Қуанышбекқызы