«Мұз» акциясы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараға төтеншіліктермен қоса, полиця, ұлттық ұлан қызметкерлері, еріктілер қатысты.

 Ертіс өзенінде қыста да, жазда да балық аулайтындар көп. Ал, бұл дәл қазіргі кезеңде адам өмірі үшін қауіпті. Өйткені, жұқалтаң мұз кез-келген уақытта жарылып кетуі мүмкін. Әуесқой балықшыларға осыны ескерту мақсатында төтеншеліктер мен өзге де құрылым өкілдері рейдтік шара өткізді.

Төтеншеліктер, тұрғындарды өз өмірі үшін абай болуға шақырады.

Жанасыл Серікбол