Демалыс күні облыс орталығында, Ертіс өзені маңында 1960 жылы туған тұрғын жұқа мұздың үстінде шаңғы теуіп, суға түсіп кетті. Ер адам аман қалып, судан өз күшімен шығып үлгерген.
Оқиға орнына шұғыл түрде төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, 102 және 103 қызметкерлері жетті. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тұрғын әкімшілік құқық бұзушылық туралы 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 12 922 теңге айыппұл салынды.
ЕРЛАН ҚАСЫМОВ, ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
17 қарашада шамамен 09:30 да Павлодар қаласының речной вокзалының аумағында қаламыздың тұрғыны 1960 жылғы туған тұрғыны шаңғы теуіп жүріп мұздың үстіне шығып, мұздың астына түсіп кетті. Бұған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Айта кету керек, Ертістің мұзы қазір жұқа. Құтқарушылар өңір тұрғындарын су айдындарында қауіпсіздік шараларын ұстанып, қатпаған мұзға шықпауларын сұрайды.
Сабина Жолдаспаева