Павлодар облысында өгей әке 15 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді. Оқушы қыздың сынып жетекшісі арқылы факт туралы белгілі болды.

Әлеуметтік желіде облыстың бір ауылында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлады деген ақпарат тарады. Бұл жағдайды бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева растады.

СӘУЛЕ ШӘКЕНЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛ

Қыздың сынып жетекшісінің арқасында зорлау фактісі туралы анықталды. Сынып жетекші бірден ақпарат берді. Баланың сөзінше, жағдай бірнеше жыл бойы жалғасқан. Қыздың жасы 15-те. Анасының сөзінше ол бұл туралы ештеңе білмеген. Анасына қарап отырып, оның да тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны екені белгілі болды. Бұл оның екінші күйеуі. Балаларға да ер адам қол жұмсаған. Бірақ анасы ешкімге тіс жармаған.

Күдікті өгей әке ұсталды. Сот медициналық сараптама жүріп жатыр. Қызбен психологтар жұмыс істеуде. Осы ретте уәкіл балаларға үндеу жасады.

СӘУЛЕ ШӘКЕНЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛ

Құрметті балалар ешкімнен, ештеңеден қорықпаңыздар. 111, 112 нөміріне хабарласыңыздар, сынып жетекішілерңізге, мектеп психологтарына жақындаңыздар. Өзіңіз сенген кез келген ересек адамға жақындаңыз, көмек сұраңыз. Сізге сенеді, көмек көрсетеді. Егер достарыңыздың арасында осындай жағдай болса айтыңыздар, жасырмаңыздар. Бұл сатқындық емес. Зорлықты тоқтату керек.

Күн сайын адам шошырлық фактілер тіркеледі. Ең ауыры балалар зардап шегіп жатыр. Ересектер өзінен кішкентайларға қорған болудың орнына осылай сатқындық жасап жатқаны қалай?

Самал Қалиқызы