Елімізде Аналар кеңесінің жұмыс жасап жатқанына 10 жыл болды. Осы уақытта біраз жұмыс жасалды, әлі де атқарылады. Осы атаулы датаға орай елордада республикалық форум өтті. Оған біздің өңірдің өкілдері де қатысты.
7-8 қарашада Астана қаласында Аналар кеңесінің 10 жылдығына орай форум өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен аналар кеңесінің төрағалары мен өкілдері қатысты. Біздің өңірден Павлодар облыстық аналар кеңесінің жетекшісі Бақытжамал Шаханқызы қатысты.
БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Барлық облыстардан аналар кеңесінің төрағалары, орынбасарлары, қоғам қайраткерлері, депутаттар келді. 10 жылда қандай жұмыс жасадық, оның қызықтары мен қиындықтары болды, осындай сұрақтарға жауап бердік.
Форум бағдарламасы аясында денсаулық сақтау, ішкі істер, оқу-ағарту министрліктері жəне басқа да салалық құрылымдар өкілдерінің қатысуымен біліктілікті арттыруға арналған семинар өтті. Астана қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Айжан Аймағанова құқықтық тəрбиені қалыптастырудағы отбасының рөлі мен заңдылықты нығайту мəселелерін көтерді.
БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Жас та болса бір ақылды сарапты сондай қыз екен. Барлық өзінің жұмысында барлық сөзінде айтатыны мәдениеттілікті үйретіп жатты. Сол кезде «Бәрін өзіңнен баста» деп Үндеу тастады. Біз кейде айтамыз ғой ананы, мынаны неге біреу жасамай жатыр деп айтамыз ғой, ал ол кісінің үндемі әрбір ата анада өзінен бастауы керек қой, тәрбие ата анадан басталады. Ендеше ата анадан басталатын болса, өзіңнен баста. Сіз айнасыз, әр ата ана айна баласы үшін. Сондықтан өзіңнен баста дейді.
Айта кетейік, Павлодар облысының аналар кеңесі өзге өңірлер үлгі аларлықтай жұмыс жасайды. Осы ретте 20-қарашада бізде республикалық Аналар кеңесінің форумы ұйымдастырылады. Онда Аналар кеңесі 10 жылда жасалған жұмысты қорытындылап, тәжірибе алмасады.
Самал Қалиқызы