Биыл тамыз айында Монғолиядан Тереңкөл ауданына қандастар көшіп келді. Оларға баспана беріліп, жұмыспен қамтылған екен. Отбасы мүшелерімен әріптесім тілдесіп қайтты.
Мейрамхан Шаймұрат пен Әлия Солдат 2013 жылы отау құрған. Қандастарымыз қазақ тілімен қатар, моңғол тілінде де еркін сөйлейді. Отбасы балалардың болашағы үшін қоныс аударуды дұрыс деп тапқан.
МЕЙРАМХАН ШАЙМҰРАТ, ЗЕЛЕНАЯ РОЩА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Көшіп келгенде сол балалардың ата жұрты қазақтар деп келдік. Бәрі көмектесіп жатыр. Мына жерге көшіп келгелі ешкімді танымаймыз ғой. Мына директор, меің қожайыным да көмектесіп жатыр. Бәрі ағашты әкеліп, аралап отын беріп те көмектесіп жатыр.
Отанасы Әлияның туыстары Павлодар,Қарағанды обылыстарында тұрады. Өзі Монғолия астанасы Ұлан-Батырда ағылшын тілі пәні бойынша жоғары оқу орнын тәмәмдаған. ЗҚоныс аударғаннан кейін еленая Роща ауылындағы 9 жылдық мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасты. Демеушілік қаражаты есебінен салынған жайлы үй де тегін берілді.
ӘЛИЯ СОЛДАТ, ЗЕЛЕНАЯ РОЩА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Осы жерге біздің мектептің директоры мені мұғалім пәніне жұмысқа алды, балаларым бесплатно сол мектепте оқып жатыр. Көп көмек берілді, үй берді. Маған да жұмыс табылды, жолдасым осындағы жеке кәсіпкер ағайдың қол астында жұмыс істеп жатыр, сол көп қиындық болмады.
Екі баланың үлкені 9-да, кенжесі 6 жаста. Оларда ауыл балаларымен тіл табысып, достасып үлгерген. Жаңа келген отбасы жергілікті халықтың қолдауына, рухани демеуіне ризашылықтан басқа айтарымыз жоқ дейді.
ӘЛИЯ СОЛДАТ, ЗЕЛЕНАЯ РОЩА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бізде әкімге де рахмет айтамыз. Барлық жағдайымызды жасап береді, сұрап тұрады бізден. Өзімнің директорға да рахмет, үнемі айтамыз өзіңе, қазір де айтам.
Көшіп келген ағайын осы жерде тұрақтап қалмақ. Отағасы болашақта мал басын көбейтіп, кәсіп бастауды жоспарлап отыр.
Қымбат Садық