Ақын, жазушы Сайлау Байбосынның «Ажалын жоғалтқан адам» атты романының тұсаукесері өтті. Оған зиялы қауым мен оқырмандар қатысты. Айта кетейік, қазір өңірде әр кітапты талдайтын орта құрылған.
«Ажалын жоғалтқан адам» романы адамгершілік, мейірім мен қатыгездік, екіжүзділік пен адалдық сынды жалпыадамзаттық ұғымдарды қамтыған ерекше шығармалардың бірі. Роман қазақ әдебиетінде сирек кездесетін экшн жанрында жазылған. Басты кейіпкер – Арғын.
САЙЛАУ БАЙБОСЫН, АҚЫН, ЖАЗУШЫ
Қазақ деген халықтың бар екендігін, қай жерде жүрсе де тапталып қалмайтының білу керектігін, ал екіншіден әйел махаббатын көрсету. Ол керемет ғой, менің ойымша еркектің махаббатынан жүз есе артық. Әйел отқа түседі. Ана Құралай оны бомж боп жүрген кезден бас тартпайды. Сосын мен қай жерде жүрсем де қазақи тәрбиені ұстанып жүремін. Әженің сөзін есіне түсіріп, оны түсіне кіргізетін моменттер бар Біздің міне жергілікті қаламгерлер жиналып, әдеби орта құрып, кітапты талқылап жатуы зиялы қауымның қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді. Енді осы үзіліп кетпей, алға қарай созыла берсе екен дейміз.
Жазушы бұған дейін өлкетану мәселелерін көтеріп, бірқатар өлеңдер мен поэмалар жазды.Ал бұл шығарма роман жанрындағы алғашқы туындысы. 2015 жылы алғаш рет романның жартысы «Жұлдыз» журналында жарияланған.
МЕДЕТ ТАУАСҚАН. МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Роман жанрында екінің бірі қалам тербете бермейді. Сізді поэзия жанрында танып жүрсек, өлкетануды қоспағанның өзіңде мына дүние бір төбе болып қаларына сенім кәміл. Жасай беріңіз, құтты болсын баршаңызға. Расында да сайыстарда ұялмай көрсететін, үлкен жүлде алатын дүние болды. Жастар алыңыздар, оқыңыздар!
Сайлау Байбосынның шығармалары – оның жан дүниесінің айнасын көрсетеді. Әр шығармасына арқау еткен кейіпкерлерінен оны мазалаған ойларды аңғарып, жан тебіренісі сезіледі.
ӘЛНҰР СЕЙДУМАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ
Жаңа көзқарас пен терең толғанысты бейнелейтін роман мыңдаған оқырмандар табатынына сенімдеміз. Шығармашылық табыс, әрдайым толағай табыс тілейміз.
Шара барысында қатысушылар автордың жаңа романның мазмұны, идеясы туралы ой бөлісіп, пікірлерін ортаға салады. Өз кезегінде оқырмандар жа жазушыға сұрақтарын қойып, романның жазылуына қызығушылық танытты.
Қымбат Садық