Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде тамақтандырудың жаңа стандарты бекітілді. Енді мектеп асханаларында фастфуд тағамдары, тәтті газдалған сусындар болмайды. Тілшіміз айтсын.
Жаңа оқу жылынан бастап бірқатар оң өзгерістер қабылданды. Мәселен, білім ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастырудың жаңа стандарты бекітілді. Мектептегі тамақтану реформасы балалардың физикалық жағдайын жақсарту үшін ғана емес, оқу үлгерімін арттырып, зейін қою қабілетін жақсартып, дұрыс тамақтану мәдениетін ерте жастан қалыптастырады.
Толғанай Зайтым, Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы
Қант, тұз және өңделген өнімдердің мөлшері азайтылып, жеміс жидектер, бүтін дәнді дақылдар,ғ ақуыздар, сүт өнімдерінің мөлшері артылған. Халықаралық талаптарға сәйкес ұсынылған.
Енді мектеп асханаларында қант қосылған сусындардың орнына енді компот, газдалмаған су, сүт, жемісті шәйлар болады. Стандарт бойынша зиянды тағамдарға түбегейлі тыйым салынады. Енді мектеп асханаларында гамбургер, хот-дог сияқты фастфуд тағамдары, шоколад батончиктері мен қантты газдалған сусындар сатылмайды.
Самал Қалиқызы