5-қыркүйек –Қазақстан халқының тілдері күніне орай Сұлтанмахмұд Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Мен қазақша сөйлеймін» байқауының жеңіпаздары марапатталды. Толығырақ тілші тарқатады.

Ксм:Аталған шарада облысымыздың қала аудандарынан 18 жастан асқан үміткерлер бақ сынады. Барлығы 19 өтінім қабылданып,қазылар алқасы 13 қатысушыны байқаудың ережесіне сай іріктеді.

Батырбек Қайыр, Павлодар облысы мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы

Қазақстан халқы тілдері күні тойланып жатыр.Осы мерекесі қарсанында айлық жарияланған болатын.Айлық аясында 300 астам іс-шара ұйымдастырылады. Бүгінгі мен қазақша сөйлеймін байқауы рсы айлықтың ашылуы болып табылады.

Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар 5 минуттық бейнероликте өздерін таныстырып, қазақ тілін қашан және қалай меңгергені айтып қазақ тілінде өлең оқып өз өнерін көрсетті.

Валерия Айтмұратова, қатысушы

Менің ата-анам орыс ұлтынан,мен 2022 жылы қазақ ұлтына тұрмысқа шықтым.Осы жылда бізде осындай конкурс өтіп жатыр.Бұл конкурс 2ші жыл өтіп жатыр биыл. Осындай конкурстан өте жақсы себебі қазақ тілді дамыту керек және дамыту керек.

Байқау нәтижесі бойынша 1 орынды Май ауданынан Аида Чаймарданова, 2-ші орынды Тереңкөл ауданының үміткері Рада Коломина және 3-ші орынды Екібастұз қаласының қатысушысы Инеса Легкая жеңіп алды.

Рада Коломина, қатысушы

Осы конкурста мен «мен қазақша сөйлеймін» акциясында 2 орынға ие болдым. Өте қуаныштымын.ең алдымен мен ідайындаған Оразбаева Гүлсім Шойынбаевнаға алғысымды білдіремін. Үміткерлерге 1,2,3 орынған алғандарымен шые жүректен құттықтаймын.осындай конкурстар бола берсін дейін.

Айта кетейік, барлық қатысушыларға ақшалай сыйақы мен дипломдармен алғыс хаттар табысталды.

Дильназ Қуаыншбекқызы