Көктемгі су тасқынына алдын ала дайындық пысықталды. Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті жұмыс жиынын өткізді. Оған қала мен аудан әкімдерінің төтенше жағдайларға жауапты орынбасарлары қатысты.
Кеңес бейнеконференция форматында ұйымдастырылды. Жиында су басу қаупін азайтуға бағытталған инженерлік жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылып, нақты ұсыныстар берілді. Кеңес қорытындысы бойынша әр аудан үшін басым міндеттер айқындалды. Алдын алу шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар жүктелді.
Сабина Жолдаспаева