Павлодар облысындағы медициналық нысандардың алдындағы берешек азаймай тұр, әлбетте бұл медициналық қызмет көрсету сапасына әсер етіп отыр, деді басқарма басшысы. Бұл жағдайға бас дәрігерлер жауапты, енді олармен жұмыс күшейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте басқарма басшысы айтты. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Оның сөзінше Павлодар қаласындағы кардиологиялық орталық алдағы уақытта Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға қосылуы мүмкін. Сұрақ қазір жан-жақты қарастырылып жатыр.
Иран Шәметеков, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Бұл сұрақ қазір қарастылып жатыр. Қосылған күннің өзінде жатын орындары, штаты сақталады, осыған дейін көрсетілген медициналық көмек көрсетіле береді. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің нормативтеріне сәйкес жүргізіледі. Себебі келер жылдан бастап МӘМС қорынан қаржыландыру жағында өзгерістер болады.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіде Павлодар облысындағы медициналық мекемелерде бас дәрігерлер бірінен соң бірі жұмыстан кетіп жатыр деген хабар тарады. Бұл сұраққа өңірдің бас дәрігері былай жауап берді.
Иран Шәметеков, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Әр тоқсан бойынша коллегия өтеді. Облыс бойынша бірнеше көрсеткіш бала өлімі, жүрек, онкология, қан, несилеік тапшылық барлығы анық: 6 мекеме 5,8 млрд теңге кредиторлық қарыз. Заңға және Еңбек кодексіне сәйкес.
Қазір Павлодар қаласындағы №1 аурухана, Екібастұз қалалық ауруханасы, кардиологиялық орталық, №5 емхананың кредиторлық қарызы 6 млрд теңгеге жуық. Басқарма басшысы, дәрі-дәрмек мәселесіне де тоқталды.
Иран Шәметеков, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Тегін дәрі дәрмекпен қамту амбулаторлық емдеу жыл сайын диспсерлік есепте тұрғандар қамтылады. Жаңадан анықталған науқастар болады. Жасына, режелері бар соған сәйкес жыл сайын өтеді. Себебі жаңадан есепке тұрды.
Өңірдің барлық медициналық нысандарына мониторинг жүргізілді. Жол картасы әзірленді. Бас дәрігерлердің жұмысы КИПИАЙ көрсеткішімен бағаланады.
Самал Қалиқызы