Павлодар облысында балалардың қатысуымен болатын жол көлік апаттарының саны артқан. Жыл басынан 4 бала қайтыс болды. Жаңа оқу жылы басталғалы полицейлердің жұмысы күшейді. Тілшіиіз айтсын.
Жалпы жыл басынан облыста 703 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл апаттарда 42 адам қаза тауып, 998 адам әртүрлі жарақат алды. Апаттардың негізгі себептері — қарсы жолаққа шығу, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзуы, маневр жасау кезінде жіберілген қателіктер, арақашықтықты сақтамау, жаяу жүргіншілер мен арнайы сигналдары қосылған жедел қызмет көліктеріне жол бермеу, сондай-ақ көліктің аударылуы. Осы ретте полицейлер, көлік жүргізушілеріне жылдамдықты асырмауға шақырады.
Азамат Күркебаев, Павлодар облысы пд жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы
2025-2026 жаңа оқу жылы басталды. Павлодар облысы полиция департаменті қызу жұмыс істеп жатыр. Жол белгілері, жолағын тексеріп, нұсқамалар енгізілді. Қазір ПД бұйырығымен әр мектепке жауаптылар бекітілді. Бірақ жұмыстар атқарылып жатыр
Павлодар қаласында Назарбаев-Торайғыров, Назарбаев-Естай, Назарбанв –Шөкин, Назарбаев-Амангелді, Елгина – Аймауытов, Елгина –Геринга, Үлкен айналмалы жол-Малайсары көшелері бойында көп жол көлік оқиғалары тіркеледі екен. Сондықтан осы аумақтарда камералар, аппараттық-бағдарламалық кешендер көбейді.
Азамат Күркебаев, Павлодар облысы пд жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы
Қазіргі таңда жол көлік оқиғасында өсім байқалады. Егер азамат жедел жәрдем шақырып, емхана көмегіне жүгінсе жол көлік оқиғасы епке алынады. Бұл бағытта атқарылып жатыр.
Павлодар облысында 8 айда балалардың қатысуымен 182 жол көлік оқиғасы тіркелді, онда 4 кәмелеттік жасқа толмаған балалар қайтыс болды, 230 бала жарақат алды. Өткен жылы 159 жол көлік апаты орын алып, 2 бала қаза тапқан еді. Биыл өсім байқалады. Осы ретте жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп жаңындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Самал Қалиқызы