Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова мен бірақатар басқарма басшыларының қатысуымен брифинг өтті. Онда адами капитал, білім беру, денсаулық, әлеуметтік және спорт саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар сөз етілді. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Павлодар облысында Адами капиталды нығайту барысында бірқатар маңызды шаралар атқарылып жатыр. Облысы әкімінің орынбасары баяндамасының алғашқы блогында денсаулық сақтау сұрағы қаралды. Өңірде соңғы екі жылда 30 медициналық нысан салынды. Оның 24-і былтыр, 6-уы биыл қолданысқа берілді. Медицина саласындағы өзекті сұрақтардың бірі – кадр тапшылығы.

Білім беру саласында биыл өңірде ауқымды істер қолға алынды. «Келешек мектептері» жобасы аясында №48 мектеп қолданысқа берілді. 600 орындық №47 мектеп салынып жатыр. Сондай-ақ, инвесторлармен үш мектеп салынды.

Аймақтағы білім беру мекемелері биыл жөндеуден өтті, қазір өңірде апатты мектептер жоқ. Жұмысшы мамандықтары жылы 30 бағыт бойынша 50 профильді сыныптар ашылды. «Жаңа мамандықтардың атласы» жобасы құрылып, 40 өзекті мамандықтар анықталды. Жобамен 8 мың студент қамтылды. Сонымен қатар, облыста спорт бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Жыл басынан 21 мың жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 14 мыңы тұрақты. Әлеуметтік салада гранттар беріліп, субсидиялау жұмыстары жүргізілуде.

Павлодар облысында биыл бірқатар мәдени шаралар өтті. Қазір Жетекші, Мичурин ауылдарында мәдениет үйлері, Алғабас, Қызылағаш ауылдарында мәдени-сауық орталықтары салынып жатыр, биыл қолданысқа беріледі деп жсоспарланып отыр. 6 мәдени мекемеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Самал Қалиқызы