Павлодар облысында жыл басынан бері өрттің салдарынан бір бала жарақат алып, бір бала қайтыс болған. Осындай жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында төтеншеліктер Министрліктің тапсырмасы бойынша рейдке шықты. Бүгін Атамекен кентінде жер үйлерді аралады.
Осыдан бір ай бұрын Астана қаласында үй өртеніп, 4 бала қайтыс болды. Соңғы кезде пеш жағатын жер үйлерде осындай жәйттар көбейіп кетті. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында төтеншеліктер еліміз бойынша рейд жүргізіп жатыр. Оны павлодарлық департамент те қолға алып, Атамекеннен бастады.
Атамекен де мектепке де кіру керек. Алдымен жер үйлерді аралап, кейін мектепке, мәдениет үйіне кіру керек. Оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек. Себебі жаңажылдық шаралар жақындап қалды. Балаларға түсіндіріп, буклеттерді тарату керек.
Шараға төтеншеліктермен қатар полицейлер, еріктілер, халық қалаулылары қатысты. Үй-үйлерді аралап азаматтарға өрт қауіпсіздігі бойынша ақпарат берілді.
Жалпы, елдімекендегі рейд барысында төтеншеліктер 50-ге жуық үйді аралап, оларға улы газды анықтайтын датчик орнатты. Айта кетейік, басты назарда әлеуметтік осал топтағы азаматтар, сондықтан алдымен осы тұрғындармен жұмыс жүргізіліп жатыр.
ТЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ, ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасы бойынша рейд жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсаты өрттің алдын алу. Осы орайда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көңіл аударылып жатыр. Темір табақшаларды орнатып жатырмыз.
Айта кетейік, жыл басынан бері өрттің салдарынан бір бала жарақат алып, бір бала қайтыс болған. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті арнайы кестеге сәйкес 1-31 желтоқсан аралығында жер үйлерде рейдті жүргізеді.
Самал Қалиқызы