Павлодарда 12 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысының айналасында дау туды. Нақтырақ айтқанда, құрылыс жүріп жатқан аумақтың тұрғындары бұған қарсы. Өйткені, ол аумақта қарапайым жылу, су желілері қолжетімсіз.
Павлодардағы ықшамаудандардың бірінің тұрғындары үйлерінің қарапайым коммуналдық желілердің жоқтығына назалы. Әртүрлі мекемелердің есігін талай тоздырыпты. Әрқайсысы техникалық мүмкіндіктің жоқтығын айтады дейді тұрғындар. Бірақ соған қарамастан ықшамауданда көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
ӘДІЛЕТ МАШРАПОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Егер бұл үйдің құрылысына рұқсат бар болса, қуатты жылу желісіне қосыла алады деген сөз. Демек, бұл жерде әділетсіздік бар. Заңдылығы тұрғысында да сұрақ туындайды.
Тұрғындардың қолында құрылыс салушы берген үш қабатты үйдің құрылыс жөніндегі құжаттар мен нысанның нобайы бар. Қалалықтардың шағыманан соң құрылысшылар мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасына түсініктеме жазуға мәжбүр болды. Онда көпқабатты тұрғыүй емес, жеке үй екендігін айтты. Бұл жағдайда олар тек сәулет бөлімінен ғана рұқсат алады.
МАДИЯР ИМАНХАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Олардың бастапқы рұқсат құжаттары жоқ. Сондықтан олар 3, 4, 5 қабатты үй құрылысын бастайтын болса біз әкішілік шара қолданамыз. Құрылысты тоқтатып, бұзуға дейін бар аламыз.
Қазіргі уақытта ол аумақтағы құрылыс толыққанды рұқсат алғанға дейін тоқтатылды. Тұрғындардың жанайқайын бақылаушы мекемелер қаншалықты еститіндігін уақыт көрсетеді. Бұндай мәселе Павлодар қаалсында бірнеше жылдан бері өзектілікке айналды. Бірқатар үй сот шешімімен бұзылуы тиіс болған. Алайда, нысандар әлі орынында.
Жанасыл Серікбол