Аймақ басшысы Асайын Байхановқа ахуалдық-талдау орталығының деректеріне мониторинг жүргізу мен талдау жасаудың жаңа құралдары, соның ішінде «Қарызсыз қоғам», Е-akimat365, автобустарды диспетчерлеу жобалары таныстырылды.
Ұлттық жобаларға мониторинг «Битрикс» арқылы жүргізіледі. Бұл алты бағыт бойынша жалпы жұмыстар – 111 жоба. Онлайн режимде деректерге көзбен шолу жасалады. Қызметкерлер кез келген нысанның құрылыс барысын көре алады, тіпті білім беру нысандарындағы температуралық режимді бақылай алады және т.б.
САМАЛ КАМИТОВА, АХУАЛДЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жобалық кеңсенің құрылымы басшыдан және облыс әкімдігі басқармасының 9 қызметкері енеді. Олардың жобалары портфельге енуі тиіс. Олар кеңсе мен мемлекеттік органдардың арасындағы байланыс күші. Ахуалдық орталықтың базасында әкімдік қызметкерлері оқытылады.
Биыл Мемлекет басшысының «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында облыстың барлық аудандарында қаржылық сауаттылық сабақтары ұйымдастырылды. Жобалық кеңсе әкімдіктермен, бейінді мемлекеттік органдармен жұмысты белсенді үйлестіріп, халықты бағдарламаға қатысуға тартуға бағытталған іс-шараларды қолға алады. Оқу жоспары 6500 адамды қамтуды көздеп, бүгінгі таңда 6495 адамды оқытты. Бұл 99,9% құрайды.
ОЛЖАС АҚБАЕВ, «КАЗАХТЕЛЕКОМ» АҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Осындай станциялар өрттер орын алған Алматы, Батпаев орман шаруашылығында орналасқан. Мектептер мен ауруханаларды да көруге болады. Оның ішінде төлемдер мен түскі астарды да қарауға болады. Кейбір жерлерде тіпті көліктердің нөмірі көрсетілген. Технологиялар өзгеріп, жақсарып келеді.
Сондай-ақ, кеңсе әкім тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізу үшін «Хаттама» жүйесін пайдалануды жоспарлап отыр. Жүйе арқылы барлық тапсырмаларды есепке алу, оларды орындау мерзімдерін белгілеу, орындалу мәртебесі мен сапасын талдау жүзеге асырылады. Облыс әкімі ахуалдық-талдау орталығының ағымдағы және жаңа жобаларымен танысып, автобустарды диспетчерлеу, «Қарызсыз қоғам» жобаларының қызметтерін пысықтауды, сондай-ақ, барлық процестердің талдауын жақсарту үшін деректерді уақтылы жаңартуды қамтамасыз етуді тапсырды.
Самал Қалиқызы