Ақтоғай ауданында алғаш рет ата-аналарға арналған «Бала. Отбасы. Қоғам» тақырыбында форум өтті. Онда балалардың құқықтарын қорғау, заң аясында көмек көрсету айтылды. Ата аналарға Неке және Отбасы Кодексіндегі кейбір заңдар түсіндірілді.
Ақтоғай ауданында кәмелеттік жасқа толмаған балалардың істері жөніндегі комиссия жұмыс жасайды. Оның мақсаты - балалардың құқығын қорғау. Жыл басынан бері мында 28 жеке іс қаралған. Бұл баланың тәрбиесіне немқұрайлы қараған 28 отбасы десек болады. Комиссия мүшелері бұл жанұяларды жіті назарда ұстап отыр.
БИБІГҮЛ ОСПАНОВА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән береді. Адамға тәрбие беру керек. Ұрпақ тәрбиесінде білімнен бұрын тәрбие беруге дәлел.
«Бала. Отбасы. Қоғам» ата-аналар форумы Ақтоғай ауданында алғаш рет өтіп отыр. Оған облыстық бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл де қатысты. Облыста соңғы уақытта орын алған сұмдық жағдайлардың кейсімен бөлісті.
СӘУЛЕ ШӘКЕНЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛІ
Ата аналармен жұмыс жүргізілуі керек. Себебі көп ата аналар өздерінің құқықтары мен міндеттерін білмейді. Маған жекеме көп ата аналар жазады, кеңес сұрайды. Айына орта есеппен 80 шақты хат келеді. Сол арқылы ата аналар кей жағдайларда заң аясында өздерін қалай ұстауын, не істеуін білмейді. Ал, өзінің құқықтарын білмеген ата налар балаларының құқықтарын қалай қорғайды? Сондықтан осындай кездесулер, жиындар маңызды.
Шын мәнінде, болашақ ата-ананы оқытатын арнайы курстар жоқ. Сондықтан көп ата аналар баламен бірге өсіп, бірге қателіктер жасап, оның алдын алуды үйренеді. Сол себепті, осындай форумдар бала тәрбиесіндегі кейбір тетіктер мен көзқарастардың ескіргенін еске салып тұрады.
ГҮЛДАРИ АТЕЙХАНҚЫЗЫ, АТА-АНА
Қазіргі замандағы бала тәрбиесі өте маңызды. Себебі қазір интернет қолжетімді, бәрінде телефон арқылы ойындарды көру арқылы түрлі балалардың қол жұмсауы қауіпті, ойландыратын мәселенің бірі. Алатын мәліметім құнды. Ата ана тарапынан өте қажағалау керек.
ТОРҒЫН БАЗАРГЕЛДИНА, АТА-АНА
Енді бүгінгі форумнан ата аналар өзіне пайдалы нәрсе алады деп ойлаймын. Өзімде 14,10 жастағы балаларым бар. Оларды тәрбиелеу қиын. Осы нәрселерді қолдану керек деп ойлаймын.
Форумға Ақтоғай ауданының ата аналары, педагогтері, психологтары мен полицейлері қатысты.
Самал Қалиқызы