Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Биыл елімізде қандастарды қабылдау үшін 2309 квота, ал қоныс аударатындар үшін 7344 квота бөлінбек. Ведомстваның бұйрығына сәйкес қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың келер жылға арналған өңірлік квотасы 9 653 адам деп белгіленді. Ал, былтыр бұл сан 2433, қоныс аударушыларға берілгені 7050 болған еді. Айта кетейік, жыл басынан бері 16,5 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.
2025 жылға арналған өңірлік квота саны - 9 653
қандастарды қабылдау - 2 309
қоныс аударатындар - 7 344
2024 жылы бөлінген өңірлік квота саны - 9 483
қандастарды қабылдау - 2 433
қоныс аударатындар - 7 050
2024 жылдан бері 16,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды