Павлодар қаласының тұрғындары мен әлеуметтік нысандарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету-биылғы жылу маусымының басты міндеті. Әкімдік пен коммуналдық мекемелердің мәліметі бойынша, бүгінде 277 әлеуметтік нысан, 1300 көпқабатты және 4904 жекеменшік үй жылумен толық қамтамасыз етілген.

Былтыр қала инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар ірі жобалар іске асырылды. Мәселен, ұзындығы 11,7 шақырым болатын бірінші кезектегі орамішілік жылу желісі жөнделіп, ТМ-31 жаңа жылу магистралі салынды. Бұл арқылы шаһар тұрғындарына жылу беру сапасын артты.

ТЕМІР ҚАСҚАБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жобаны іске асыру кезінде,жұмыс барысында жаңа материалдар қолданылды. Яғни жаңа желілер салынды. Бұл өз кезегінде апаттардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жылу желілерінің қызмет ету мерзімі ұзартылады.

Биыл да жылу инфрақұрылымын жақсартуға үлкен көңіл бөлінді. Жалпы ұзындығы 30 шақырымға жөнделді. Сонымен қатар, ТМ-13 жаңа магистралі салынды. Оның ұзындығы – 2,6 шақырым. Бұл инфрақұрылым қаладағы 250 көпқабатты үй мен әлеуметтік сала нысандарына жылу беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

БАҚЫТГҮЛ БАЗЫЛОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің ішінде меншік иелері «ТОО павлодар жылыту желілері»мен келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдағандары бар. Қазіргі уақытта мұндай үйлердің саны 100-ден асады. Келісімшарт негізінде «ТОО павлодар жылу желілері» жылыту маусымына дайындық жұмыстарын толық көлемде жүргізді. Сонымен қатар, компания бұл үйлерге сервистік қызметтер көрсетіп, жылу жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде.

Қалада инвестициялық бағдарлама аясында Павлодарское, Мойылды, Жетекші, Кенжекөл, Атамекен және Теміржолшылар кенттеріндегі әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін 10 мың тоннадан астам қатты отын сатып алынды.

ТЕМІР ҚАСҚАБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ.

Қазіргі таңда жылу желілерінің тозу деңгейі 85%-дан асады. Биыл «Павлодар жылу желілері» ЖШС ұзындығы 1,8 шақырымы жаңарды. Сонымен қатар, 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша көмір жеткізілуде. Бұл қатты отын елді мекендерде әлеуметтік нысандарды қамтамасыз ететін қазандықтарға арналған. Ауылдық округтердің әкімдіктері қатты отынның көлемін көрсетіп, ол жылыту маусымына жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.

Тұрғындардың шағымдарына жедел әрекет ету мақсатында қалада 10 мобильді топ құрылды. Бұл топтардың құрамына жергілікті атқарушы орган және «Павлодар жылу желілері» ЖШС мамандары кірген. Олар жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Айта кетейік, жылу беру маусымы басталғаннан бері 30-ға жуық шағым түскен. Оның жартысы расталып, толық шешімін тапты.

Сабина Жолдаспаева