Павлодар облысына жұмыс сапарымен ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов келді. Достық үйінде мәдениет және ақпарат қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері, еріктілермен кездесті.

Алдымен Евгений Кочетов мәдениет және ақпарат саласы бойынша елімізде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Оның ішінде өңірімізде бой көтеріп жатқан мәдени нысандарға да тоқталды. Оның басым бөлігі жергілікті бюджет есебінен «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынып жатқанын да айтты.

ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Егер еліміз бойынша қарасақ, 2023 жылы 44 жаңа мәдени нысан салынып, 220 нысан күрделі жөндеуден өтті. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Павлодар облысы бойынша «Ауыл ел бесігі» бойынша облыстық бюджет негізінде осындай жобалар жүзеге асып жатыр. 2021-2023 жылдары 38 мәдени нысанда қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. 4 мәдениет үйі салынды. 7 ауылдық мәдениет үйінде күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін мәдениет қызметкерлерінің жағдайы жыл санап жақсырап келеді, деді вице-министр. 2022 жылдан елдегі 64 мың мәдени қызметкерінің жалақысы 45 пайызға өскен.

ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

2023 жылы жалпы 350 мың данада 134 кітап жарық көрді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. Жылдың соңынай дейін тағы 171 кітапты шығаруды жоспарлап отырмыз. Жалпы тиражы 270 мың болады.

Сонымен қатар, кездесу барында вице-министр мәдениет және ақпарат саласындағы ілкімді жобаларға, креативті индустрияға тоқталды. Қатысушылар мәртебелі мейманға жауапты сала бағытында сұрақтарын қойды. Павлодарлықтар бір жылдары өңірімізде өткізілген кинофестивальдің жалғасқанын қалайды екен.

ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Біз уәкілетті орган ретінде бұл сұрақты қолдауға дайынбыз, ең кем дегенде ақпараттық қолдау көрсетуге міндеттіміз. Қалғаны бойынша сөйлесейік, креативті индустрия дейміз, бұл үлкен кино жасауға алғашқы қадамдардың бірі. Жастарға жол сілтеу үшін де маңызды деп ойлаймын. АЛ, ақпараттық қолдау, насихаттау бойынша біз дайынбыз.

Осылайша кездесуге қатысушылар мәдени мұраларды сақтау, жастар саясаты, масс медиа төңірегінде сұрақтарын қойып, вице-министрден толымды жауап алды.

Самал Қалиқызы