Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында проактивті әдіс кеңінен дамуда. Қазірдің өзінде 4 бірдей әлеуметтік тағайындау автоматты түрде іске асырылады. Басқа қандай өзгерістер бар? Әлеуметтік қызмет көрсету қалай жетілдірілуде?Алдағы материалда.
Мемлекеттік қызметі көрсету түрлерін оңтайландыру үрдісі әлеуметтік салада да қарқынды. Мәселен, кейбір әлеуметтік тағайындаулар қазір автоматтандырылған. Осылайша адамның қатысуы азайып, мерзім қысқарған. Сонымен қатар тағы 9 әлеметтік тағайындауға өтініш беру тәртібі жеңілдеген.
Алмагүл Мұхамедова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы
Қол қоюшыларды қысқарту және кейбір қызметкерлерді әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерін көрсету үдерісінен шығару жөніндегі бұл жоба мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік қолдау шараларының проактивті мақсатын кеңейту үшін Министрлік Отбасының цифрлық картасын әзірледі. Осы карта арқылы біз қандай отбасы қандай көмекке мұқтаж екендіктерін көреміз.
2025 жылғы шілде айының біріндегі жағдай бойынша облыста зейнеткерлер саны 124 540 адам. Ағымдағы жылы Республикалық бюджет туралы қабылданған заңға сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 8,5% - ға, яғни республика Ұлттық Банкі айқындаған инфляция деңгейінен 2% - ға озып өсті. Республикадық бюджет туралы Заңға сәйкес зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62771 теңгеге белгіленді.
Алмагүл Мұхамедова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% – на дейін, ең жоғары-120% - ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 65% – дан 70% - ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрайды.
Өңірде 20523 адам мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушылар қатарында. 8061 отбасы асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақы алады. Жәрдемақылардың осы түрлерінің мөлшері 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты орта есеппен инфляция деңгейіне - 6,5 пайызға ұлғайды.
Алмагүл Мұхамедова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы
Облыста 29 мың адам мүмкіндігі шектеулі жан ретінде тіркелген. Оның ішінде 4187 адам 1-топта. 2 топта 11277 адам, 3 топта 10107 адам. Оларға сырттай-проактивті форматта 4098 қызмет көрсетілді. Бұл осы адамдарға көрсетілген жалпы қызметтің 42 пайызы. 2025 жылы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 6,5% - ға өсті.
Мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету-бұл жай ғана құқықтық норма емес, әлеуметтік әділеттілік пен инклюзивті қоғам үшін айрықша маңызға ие. Осы саладағы мемлекеттік бақылау мүгедектігі бар адамдар қоғам өміріне толыққанды қатыса алатын, өз құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыра алатын жағдайлар жасауға бағытталған.
Жанасыл Серікбол