Барселона қаласында Қазақстанның көк байрағы желбіреді. Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары STEM бағытындағы халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, алтын мен күмістен алқа тақты.Павлодарлық жас дарындар жалпы 6 медаль жеңіп алды.
Олимпиадаға әлемнің 40-тан аса елінен 800-ге жуық жас дарын жиналған. Олардың қатарында Қазақстанның атын асқақтатқан сегіз оқушының ішінде Павлодарлық білімпаздар ерекше көзге түсті.
Азамат Жүнісов, Назарбаев зияткерлік мектебінің «Stem» зертханасының меңгерушісі
Біз осы стем олимпиадасына 2024 жылы қараша айынан бастап дайындықты бастадық.Қазақстан бойынша 2 мыңға жуық қатысушы болды. Онлайн ретінде іріктелді. 120 оқушысыны іріктеп алды.Астанаға барып қатысып қайттық.ОЛ жерде 24 баланы таңдап алды.Мықты деген.Және де осы 24 баладан наурыз айында біз тест тапсырдық.Ол жерде 8 бала таңдалынды.Және грант финал Барселона қаласына жіберілді.
Математика және бағдарламалау бағыты бойынша оқушылар зеректілік пен шеберліктің жарқын үлгісін көрсетті..Математика санатында Арман Әубәкір 1 орынға,Жәнібек Нұрхамитұлы 2 орынға, Әлихан Танат 3 орынды иеленді.Ал Бағдарламалау категориясында Арман мен Жәнібек күміс, Әлихан қола медаль еншіледі.
Арман Әубәкір, «Stem Olympiad» байқауының жүлдегері
Стем олимпиадасы жайлы айтсақ менің ойымша біздің жолымыз дайындықпен өтті. Стем ол өте кең ұғым.Оған математикада,иныформатикада кіреді.
Барселона төріндегі бұл жеңіс оқушылардың ғана емес, ұстаздардың да ерең еңбегінің жемісі. Сондай-ақ, олимпиада барысында Қазақстандық команда жалпы саны 13 медаль иеленіп, халықаралық аренада беделін арттырды.
Жүлделі орындар мен жаһандық таным – бұл жас жеткіншектердің алғашқы белесі ғана. Ғылым жолында сенімді қадам басып келе жатқан Павлодарлық оқушылар еліміздің болашағы екенін дәлелдеп берді. Бұл жеңіс талайларға шабыт болары сөзсіз.
Дильназ Қуанышбекқызы