Май ауданында құрылыс қарқыны жоғары. Жолдарды жөндеу жұмыстары мамыр айында аяқталған, қазір білім беру ошақтары, мәдениет үйі мен бассейн салынып жатыр. Ағымдағы жұмыстармен облыс әкімі танысты.

Аймақ басшысы алдымен жол инфрақұлымының дамуымен танысты. Май ауданында биыл Жаңатілекте 3,1 шақырым, Бозшада 2,1 шақырым, Малайсары ауылында 1,1 шақырым кіреберіс жолдар салынды. Енді Жаңасарай ауылының тұрғындары да кіре беріс жол сұрап отыр, деді аудан әкімі.

Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі

Жалпы енді бізде бізде бір ғана елдімекенде жасалмаған. 45 адам тұрады. Бізде шағын ауылдар. Жобасы бар. 200 млн теңге грейдерімен. Бұрын болмаған. Малайсары ауылдық округіне кіреді. Балалар үшін салуға болады.

Қазір Қазан ауылдық округі Жұмыскер ауылының ауылішілік жолдары асфальтталып, қалыпқа келтірілді. Жалпы биыл Май ауданына 13 шақырым жөнделді. Оған облыстық бюджеттен 850 млн теңге бөлінді.

Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі

Биылғы жылы «Ауыл ел бесігі» аясында Баскөл ауылында басталды. Мында 4 шақырым жол жасалды. 204 қаражат бөлінді. Барлық жұмыстар мамыр айында аяқталды. Және мердігер өз есебінен праковкалар салғызды.

Ал, бұл Баскөл ауылындағы Амангелді Иманов атындағы мектеп. Биыл мында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Руслан Еңсебаев, Май ауданы білім беру бөлімінің басшысы

Енді бізде алты түрінен жұмыс жүргізіледі. Қазір 75 пайызы аяқталды. Электр жүйесі ауыстырылды. Жылыту жүйесі 95 пайызы аяқталды. Сонымен қатар, спорт зал, асхана жылытып жатыр. Аумақ абаттандырылады. 4 калитка, 2 ворота болады. Үлкен футбол алаңы болады.

Білім беру ошағындағы жұмыстар 15 тамызға дейін аяқталу керек деді, облыс әкімі. Сондай-ақ, Май ауданының Қаратерек ауылдық мектебінде де жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қазір мына мектептің жұмыстары аяқталуға жақын. Замоктарын салады. Еденнің үш түрі қарастырылған. Мердігер барлық жұмыстарды аяқтаймыз деп отырмыз.

Елдімекендегі мәдениет үйінің құрылысы да көңіл толтырады. 160 орындық мәдени нысан «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жүріп жатыр.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі суармалы алқапты да аралады. Биыл ауданда «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1,7 млрд теңгеге 7 жоба іске асырылды.

Сонымен қатар, аймақ басшысы аудан шаруарларымен жолықты. Олар өз кезегінде өздерінің жобаларымен, көкейдегі сұрақтарымен бөлісті. Ал, бұл «Май агро-м» ЖШС-нің суармалы алқабы. Қазір аумақта суармалы құралдары орнатылды. 300 гектарға шаруа картоп отырғызды.

Дулат Бекетов, «Май Агро-М» ЖШС басшысы

Бүгінгі күнде 7 суармалы машина қойдық. Жоба бойынша 12 көлік жоспалағанбыз. 7 игеріп жатыр. Кеңетуге құжаттар дайындап жатыр. 8,5 салған қойманы ұлғайтамыз деп отырмыз. Қазіргі таңда қарастырылып жатыр.

Ал, бұл Қаратерек ауылында бой көтеріп жатқан су жаңа дене шынықтыру кешені. Жанындағы шағын футбол алаңы толық дайын, жақында қолданысқа беріледі. Жергілікті тұрғындар елдімекенде орын алып жатқан оң өзгерістерге дән риза.

Жылу магитсралін жөндеу 20 сәуірден басталды. Мердігер жалпы ұзындығы 2,7 шақырым құрайтын жылу трассасын жөндеуге кірісті. Барлық залалды жоюға 280 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі таңда құбырларды төсеу үшін траншеялар қазылып, 2,6 шақырым құбыр тартылып, 17 нысанның 12-сі қосылды. Жұмыстың 85 пайызы орындалған.

Кенжебек Әбжаков, мердігер

Қалған жұмыстарды айдың соңына дейін аяқтаймыз, содан кейін тек құбырларды шаю мен қосу қалады. Барлық ақаулар жойылды, бұл үшін асфальтқа зақым келтірмей құбырларды бес рет тесіп өттік. Бақылау гидравликалық сынақтары тамыз айында өтеді.

Жұмыс сапары соңында Асайын Байханов Көктөбеде салынып жатқан бассейннің аумағына да барды. Жобаны басқа аудандарда да қолдануға болады деді, аймақ басшысы.

Самал Қалиқызы