Облыс әкімі Асайын Байханов жаңа ашылған азаматтарды қбалыдау орталығында болды. Онда тұрғындар үшін аса қажетті мемлекеттік қызмет түрлері топтастырылған. Халыққа қызмет көрсету орталығы, басқармалар мен 109 және 112 қызметтері орналасқан.

Генерел Дүйсенов көшесі 80 мекенжайында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді оңай әрі тез алуға мүмкіндік бар. Құжат рәсімдеу, кеңес алу немесе өтініш жазу – бәрі бір жерден қолжетімді. Сонымен қатар, заңгер, нотариус пен психолог мамандар да тегін кеңес береді. Жаңа ғимаратта облыс және қала әкімдері мен олардың орынбасарларына арналған жеке қабылдау бөлмелері ашылған. Облыстық басқарма басшылары да тұрғындарды осы жерде қабылдай алады. Полиция мен прокуратура қызметкерлері де азаматтарға кеңес береді. Сонымен қатар, «Павлодар хаб» айти орталығы да әлеуметке арналған әр түрлі стартап жобаларды ұсынуға дайын.

Барлық қажетті қызметтің бір жерге топтастыру мемлекеттік қызметті оңтайландыру мақсатында туған идея. Жұртшылық жан-жаққа сабылмай бүкіл қызметті бір орында көруі қажет.

Наталья Нефедова, Павлодар облысы әкімдігі аппараты басшысының міндетін атқарушы

Қызметін бастаған 8-шілдеден берің 800 ге жуық қызмет көрсетілді. Одан бөлек 600 өтініш қабылданды. Олар жеке қабылдауларда шешілетін болады. Бүгін обблыс әкімі қабылдау өткізеді. Онда 6 сұрақ қаралады. Өзгеде мекемелер өз кезегімен қабылдау өткізеді.

Бұнда тұрғындар қарасы әдеттегідей мол. Алайда, үлкен ғимарат пен көп терезе жұмысты жедел жүргізуде. Оның тұрғындардың өзі де сезінуде.

Ғимарат кең әрі жайлы. Жарық. Жұртшылыққа қажет қызметтерді бір орынға топтастыру жобасы «Халыққа қызмет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылды.

Жанасыл Серікбол