Жақында Павлодардың «Достық» шағын ауданында жаңа, заманауи әрі жайлы мектеп ашылады. Білім ошағының құрылысы аяқталуға жақын, алдағы айларда мұнда балалардың жарқын үні естілетін болады. Оқу орны 1200 оқушыға есептелген және дамушы ауданның инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады.

Қазіргі уақытта учаскеде құрылыс жұмыстары аяқталды, кейбір құжаттарды реттеу жұмыстары ғана қалды. Жобаның жалпы құны 6,5 миллиард теңге болса, оның 1 миллиардқа жуығы мектепті жабдықтауға жұмсалды. Барлық кабинеттер заманауи интерактивті панельдермен және технологиялармен жабдықталған, жиһаздар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдалған. Бұл білім алуға барынша қолайлы жағдай туғызады.

Александр Кулибакин, құрылыс жобасының жетекшісі

Мектеп екі ағымға арналған. Үлкен және кіші сыныптарға арналған бөлек кіреберістер бар. Оқу күні әр түрлі жастағы оқушылар бір-бірмен кездеспейді. Барлығына ортақ орын асхана ғана. Бірақ, ол жерде де үлкен және кіші сыныптарға арналған орындар бөлек. Мектепте лифт және мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз қозғалуы үшін барлық мүмкіндік жасайтын пандус, тактильді плиталар, тұталар орналастырылған. Кіре берістерге оралайық: біреуі Назарбаев көшесі жағында орналасқан – онда пандус орнатылған, екіншісі – Қамзин жағында, онда жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін лифт болады. Сонымен қатар, акт залында мүмкіндігі шектеулі жандардың іс-шаралар кезінде сахнаға көтерілуі үшін лифт тұрғызылды.

Оқушылар жан-жақты дамыу үшін заманауи мүмкіндіктерге қол жеткізе алады: жоғары технологиялық STEM зертханасы, мектеп ішінде де, ашық аспан астында да орналасқан спорт залдар. Би сыныбы, сондай-ақ ұлдар мен қыздар үшін бөлек жабдықталған технологиялық шеберханалар. Акт залына ерекше назар аударылады. Ол шу оқшаулау жүйесімен жабдықталған, бұл көрермендерге де, спикерлерге де ыңғайлы акустика жасайды. Сондай-ақ мектептің әр қабатында бірнеше коворкинг аймақтары бар. Мұнда балалар сабақ арасында демалады, немесе шахмат, тоғызқұмалақ ойнайды.

Александр Кулибакин, құрылыс жобасының жетекшісі

Мектеп максималды түрде оқушылардың жайлығы үшін жобаланды. Бос уақытты қамтитын коворкинг аумақтар бар. Медициналық пункт бөлек орналастырылды. Бұл қажет жағдайда науқас баланың қозғалсын оқшаулауға мүмкіндік береді. Спорт алаңы кең және халықаралық жарыстарды өткізуге арналған. Менің ойымша, оның өлшемдері мен жабдықталу деңгейі осындай жарыстарға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. Әр қабатта екі демалыс орны бар. Әр алаң 50 шаршы метрді құрайды. Мектеп толықтай жоғары жылдамдықты Wi-Fi желісімен жабдықталған, бұл бүкіл ғимараттың тұрақты байланысын қамтамасыз етеді.

Мектепте заманауи қауіпсіздік шаралары толық қамтылған. Өрт дабылы орнатылды, тәртіп сақшыларына шұғыл қоңырау шалу үшін үш шұғыл түйме бар. Сондай-ақ 150-ден астам бейнебақылау камералары орнатылды. Олардың барлығы ғимарат ішіндегі және айналасындағы жағдайды тәулік бойы бақылауды қамтамасыз ететін полицияның басқару орталығына қосылған.

Жанасыл Серікбол