Облыс әкімдігінде жартыжылдықты қорытындылаған жиын өтті. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер талданып, қаржының игерілуі қаралды. Өсім бар, бірақ бірқатар салада жұмыс ақсап тұр. Толығырақ әкімдікке барып келген тілші әңгімесінде.

Облыста барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 100,5%-ды құрап отыр. Республика бойынша бұл көрсеткіш – 109%. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,8 трлн теңгеге жетті. Өңдеу секторында 3,4%, сумен жабдықтауда 10%, ал электрмен жабдықтау саласында 0,4% өсім тіркелген. Экономикаға тартылған инвестициялар көлемі де артты. 440 млрд теңгені құрап, былтырмен салыстырғанда 7,6%-ға өсті. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 2%-ға өсті. Ішкі сауда көлемі 22%-ға ілгерледі. Алайда құрылыс саласы ақсап тұр. Жыл басынан бері тек 164 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген екен.

Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Да стоительстов жилья, у нас снизились показатели в других... Тұрғын үй құрылысы бойынша көрсеткіш төмендеген. Басқа өңірлерде көлемі едәуір жоғары. Сондықтан бұл жағдай нәтежеге әсер етті. Бұған дейін біз 11-12 орында болсақ, биыл 15-орынға дейін төмендедік.

Өңір басшысы тұрғын үй құрылысының баяу қарқынына алаңдаушылық білдіріп, жауапты басқарма басшысына сауал жолдады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Құрылыс басқармасының басшысына сұрақ бар. Жалпы тұрғын үйлерді тапсыру бойынша біз жылдық 35 пайызын ғана орындадық. Әрине, төмендегені көрінеді. Қалған жарты жылдықта 65 пайыз орындау керек. Соған қандай іс шара қолданып жатырсыздар.

Асқар Әжмұрат, Павлодар облысы құрылыс басқармасының басшысы

Қазіргі таңда бізде қалаларда және аудандарда 11 млрд ақша бөлінді. Арендалық үйлерді салу. Сонымен қатар Павлодар қаласы Достық ауданында үйлер салынып жатыр. Облыс бойынша тапсыру керек.

Биыл және келер жылы Шарбақты, Ақтоғай, Железин аудандарында тұрғын үй пайдалануға беріледі. Айта кетейік қазір өңірде 25 мың адам пәтер кезегінде тұр.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Бақылауға алыңыз. Бұл өте маңызды көрсеткіш. Экономика тұрғыдан белгіленген цифр емес. Бұның артында тұрған халықтың жағдайы. Кезекте тұрған адамдар. Сондықтан олар уақытында пәтерлерін алып, баспаналы болуы керек.

Сондай-ақ аппаратты жиында бюджет түсімі бойынша жауапты басқарма басшысы баяндады. Биылғы жылдың жарты жылында бұл көрсеткіш артығымен орындалған. Бюджеттің тиімді жұмсалуы бойынша Павлодар облысы елімізде үштікке кіреді.

Жеңіс Шақатов, Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы

2025 жылдың жарты жылдықтағы жағдай бойынша бюджеттік. Кірістер бойынша 3,9 млрд теңге асыра орындалды. Жылдық түскен түсімдер 49,8 пайыз атқарылды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Бюджетті игеру бойынша біздің өңір көшбасшы өңірлердің бірі. Бірінші орында деп айтуға болады.

Сондай-ақ, екі қолға бір күрек іздеп жүрген азаматтар үшін өңірлік карта аясында 25 мың жұмыс орны құрылмақ, оның 18 мыңы — тұрақты. Жұмыс орындары өңірлерде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар негізінде ашылады. Бұл бастама азаматтарды еңбекпен қамтып, өңір экономикасын дамытуға бағытталған.

Самал Қадырова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

150 инфроқұрылымдық жоба бойынша 1273 адам оның ішінде тұрақтысы 333 субсидияланатып жұмыс орындарына 5976 адам. 10 мың. Тұрақты жоспарлануда.

Айта кетейік, жыл басынан бері жұмыспен қамту жоспарының 60,3 пайызы орындалып, 15 379 адам еңбекпен қамтылды. Оның ішінде 9 730 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасқан. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде кейбір департаменттер мен аудан әкімдіктері жоспарды толық орындамай отыр. Осыған байланысты облыс әкімі Асайын Байханов бұл мәселені жүйелі бақылауда ұстау жауапкершілігін өзінің орынбасары Дәурен Жамбайбекке жүктеді.

Әйгерім Тоқпанқызы