Павлодар-Семей автожолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы тіркелді. Аққулы ауданы маңында болған апат үш адамның өмірін қиды. Бір адам қазір ауруханада жатыр.
Киа Спортейдж автокөлігінің жүргізушісі қар жинайтын машинаны басып озу кезінде жол ережелерін бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Осы сәтте КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан.
ЖАНАР БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Павлодар Семей автожолында Аққулы ауданы маңында киа спортейдж автомашинасының жүргізушісі қар жинайтын машинаны басып озған кезде қарсы қозғалыс жолағына шығып, камаз автомашинасымен бетпе-бет соғылған. Киа жүргізушісімен екі жолаушы оқиға орында қайтыс болды. Жарақаттармен ауруханаға жолаушысы жатқызылды.
Айта кетейік, автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Мамандар жүргізушілерді жол ережелерін сақтап, қатты жылдамдықта жүрмеуге шақырады.
Сабина Жолдаспаева