Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыс беки түсті. Сарапшылар әсіресе, Си Цзиньпиннің елімізге жасаған мемлекеттік сапары нәтижелі болды дейді. Қытай бүгінде Қазақстанның ең ірі инвесторларының төрттігіне кіреді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық байланысқа биыл – 33 жыл. Осы уақыт ішінде қос ел бір-бірінің негізгі сауда-экономикалық серіктесіне айналып үлгерді.
Айдар Құрмашев, ҚР ҚСЗИ азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы:
Қазақстанды осындай мемлекет ретінде мойындау үлкен мәртебе. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілік деп айтуға болады. Себебі, көптеген жаһандық жиналыстарда Қазақстанның бастамаларының іске асырылуына мүмкіншіліктер ашылып отыр.
Осылайша, қос ел Астанадағы кездесуде 31 құжатқа қол қойды. Көптен күткен халықаралық Транскаспий дәлізі арқылы алғашқы көлік керуенін аттандырды. Ол Шығыс пен Еуропаны байланыстыратын мультимодальды бағыт. Мұнда теміржол да, теңіз жолы да, құрғақ порт та бар.
Қазбек Майгелді, Қытай зерттеушілер қауымдастығының төрағасы, саясаттанушы:
Бұл дегеніміз, мемлекетіміз Транскаспий халықаралық дәлізі бағытында еліміздің тек қана транзиттік әлеуеті емес. Сонымен қатар, көлік логистикасын нығайтуды басты назарға қойып отыр. Себебі, әлемдік нарықта көлік логиситикасын дамыту өте маңызды.
Яғни, қазақстандық жүк көліктері Қытайдың кез-келген қаласына емін-еркін кіріп-шығады. Бұл екі ел арасындағы алыс-берісті көбейтпек. КЕСТЕ Өзара тауар айналымы былтыр 11 айда 27 млрд долларға жеткен. Ендігі меже оны 100 млрд долларға ұлғайту. Көрші елге көбіне мұнай-газ өнімдері мен астықты экспорттаймыз. Ал Қазақстанға техника, автокөлік және киім-кешек келеді. Қытай Қазақстанға тағы инвестиция салуға мүдделі.
АЙБАР ОЛЖАЙ, САРАПШЫ:
Қытай менің ойымша біздің жерімізде көптеген күн электростанцияларын салуға мүдделі. Бізде өйткені, бос жатқан жер көп. Оларға күн станциясын қойып қойса панельдерді одан көп электр энергиясын алуға болады. Одан кейін Қытай атом электрстанциясын салуға да дайын. Хуам бір реакторлары ең арзан болып саналады. Соңғы үлгіде сапалы.
Қазақстан мен Қытай арасында бұған дейін де жасалған маңызды келісім аз емес. Визасыз режимнің енгізілуі, темір жол өткізу бекітін ашу сынды өзара сенімге негізделген құжаттар бекіді.