Биыл алғаш рет Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен “Полиция барысы” ұйымдастырылуда. Осы мақсатта Екібастұз қаласында 70 полиция қызметкері қазақ күресінен белдесіп, бақ сынады. Жеңімпаздар сәуір айында өтетін республикалық мәреге жолдама алады. Толығырақ тілші материалында.
Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Олар білімді, білекті, төзімді әрі қайратты болуы керек. Сондықтан қазақ күресінің тәрбиелік маңызы зор. Сол себепті ел қорғаушылардың ұлттық спорт түріне көңіл бөлуі жас ұрпаққа үлгі. Ұлттық намысты көтеріп, жанкүйерлерге асқан шабыт сыйлаған байрақты бәсекеге кіл мықтылар қатысты. Турнир Екібастұз қаласындағы «Жасыбай» спорт кешенінде өтті.
АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біздің алдымызда тұрған мақсатымыз салауатты өмір салтын ары қарай қоғам ішінде дамыту. Сондықтан осыған өз үлесін қосып жүрген аға-бауырларымызға мың алғыс. Полиция барысы іс-шарасына келетін болсақ, мұның маңызы өте жоғары. Себебі сіздер күнделікті өмірде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жандарсыздар. Сондықтан да полицич да тек ғана салауатты өмір салтына бет бұрған емес, сонымен қатар мына кәсіби спортта үлкен жетістіктер көрсетіп жүрген азаматтар жүргені үлкен үміт ұялатады
Сонымен қатар биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл толады. Полиция департаментімен бірлесе ұйымдастырған қазақ күресіне 14 команда, яғни 70 тәртіп сақшылары боз кілемінде кездесті. Ал күрес кілеміндегі белдесуде полиция қызметкерлері мінсіз дайындықпен, тамаша техника көрсете білуі керек.
ҚАЙЫРЖАН ШАҚАРҒАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл шара тарихта бірінші рет қазақстан полициясының. Сондықтан бұл іріктеу жекпе-жектер, әр аумақтарда өтіп жатыр. Соңғы финалы Петропавл қаласында сәкір айында өтеді. Полиция департаментінде 150 қызметкер әртүрлі сала бойынша спорт шеберлері бізде бар. Бүгін мынау Жасыбай спорт кешенінде 70-ке таман қызметкерлер қатысып жатыр
«Полиция барысы» қызметкерлерді рухын нығайтып, ұлттық спортымызды дәріптейтің ауқымды шара. Жарыс алты салмақ дәрежесінде өтті. Қатысушылар мұндай турнир қызмет бабында физикалық дайындықта болатын тәртіп сақшыларын одан әрі шыңдауда үлкен қолдау деп біледі.
АЗАМАТ КҮРКЕБАЕВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біріншіден бұл жарыс «тәні саудың жаны сау» демекші полиция қызметкерлерінің рухын көтереді, саптық әскери рухын және өсіп келе жатқан үлгі ретінде спортқа баулу, Президентіміз 2024-2025 жылғы жолдауында салауатты өмір салтын насихаттап, соны біз қолдап жатырмыз. Оның алдында бал кезден күрескенбіз, күрес білмейтін қазақ жоқ. Ауылда өскен баланың бәр қазақша күресті білуі керек. Бәріміз осы ұлттық күрестің деңгейін көтеру үшін насихаттап, жастарға үлгі ретінде әлі де айналысып жүрміз
Өңіріміздің қауіпсіздігін мен тыныштығын қамтамасыз ететін полиция қызметкерлерінің жетістіктері көп. Мәселен қазақ күресінен, жүзуден, ат спортынан спор шеберлері де бар.
СӘРСЕНБЕК АБУШЕВ, ПД АРНАЙЫ ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ЖАСАҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ
Осы жарысқа Павлодар қаалсынан келіп отырмыз, өте қуаныштымын. Қатысушылар да өте мықты, үлкен дәржеде өтіп жатыр
Айта кетейік, алты түрлі салмақ дәржесінде жеңімпаз атанған қатысушы сәуір айында Петропавл қаласында өтетін республикалық сайыста өңір намысын қорғайды.
Қымбат Садық