Павлодар жұртшылығы театр актеры, драматург, режиссер Атығай Шанинды еске алды. Өнер жампозының дүниеге келгеніне биыл 120 жыл. Толымды естеліктер айтылып, толғамды ойлар ортаға түскен шарадан тілшіміз тарқатады.
Атығай Шанин 1905 - жылы Баянауыл ауданының қазіргі Жұмат Шанин атындағы ауылында дүниеге келген. 1932 - жылы Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы жұмысшы жастар театрында актер әрі драматург, кейін Павлодар театрының көркемдік жетекшісі әрі газет қызметкері болып істеді. Ал, 1938 жылы Қарағанды драма театрында актер әрі режиссер болып тағайындалды.
МӘШІМ ЖАМБЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Мен 1980-жылдары, 82-жылдың жартысына дейін семья жағдайымен Қарқаралыға көшіп барып тұрдым. Жолдасым да өнерлі адам. Ол жерде бүгінгі кештің себепкері болып отырған Атығай Шанин атамызбен кездестім. Ол кісінің Қарқаралыдағы мәдениет сарайында халық театры болды
Еске алу кешінде Мәшім Ипатқызы Атығай Шанин туралы көптеген естеліктер айтты. Өнер жолындағы, адамдық жолындағы істеріне тоқталды.
МӘШІМ ЖАМБЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Бағыт-бағдар берді Атығай атам. «Болашақта осында қалып жұмыс істеп жатсаң маған әндер керек» деп маған ән айтқызып дайындады. Кішкентай ғана уақытым болады. Баларымнан босап келем. Ол кезде балаларым кішкентай болды. Соның өзінде өнерге деген құлшынысымды арттырып жіберетін. Мықтылығы сондай ол кісінің
Шара аясында ән айтылып, Атығай Шанинның өмір жолы, өнерге соның ішінде театр әлемін сіңірген еңбегі жайлы молынан айтылды. Бұқар жырау музейінің төріне жиналған жұртшылық өнерпаздардың әсем әніне қол соқты.
Жанасыл Серікбол