Павлодар облысының әкімдігі мен ERG арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, биыл Еуразияттық топ өңірімізде әлеуметтік жобаларды іске асыруға 3.7 млрд теңге қаражат бөлді.

Құжатқа облыс әкімі Асайын Байханов пен директорлар кеңесінің төрағасы, ERG бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов қол қойды. Айта кетейік, компания балаларға арналған ерте араласу оңалту орталығын жөндеп, қымбат медициналық жабдықтар сатып алды. Тағы 600 млн теңгеге тағы 13 жоба қалып отыр. Олар осы жылдың мамыр айында аяқталады. Өңір басшысы компания өкілдері ұсынылған жобаларға көрсеткен қолдау маңызды екеніне тоқталды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біз 20 жылдан астам уақыт бойы Еуразиялық топпен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша меморандумдар жасап келеміз. Соңғы 3 жылда ERG компаниясы облысты дамытуға шамамен 9 млрд теңге бөлді. Өткен жылы 30 жобаның 17-сі аяқталды. Олардың жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрады.Сіздер су тасқыны кезінде шетте қалмадыңыздар. Яғни, Ақтоғай ауданы, Жалаулы ауылының зардап шеккен отбасыларына көмек көрсетіңіздер. Бірде-бір отбасы қолдаусыз қалған жоқ және қысқа мерзімде жасалды 

Биылғы жылы да қаражат әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау саласын қолдауды, Ақсу қаласы бойынша бассейн салу және саябақты жаңғырту, Ы. Алтынсарин атындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізу сияқты бірқатар маңызды жобаларды ұсынды.

ШУХРАТ ИБРАГИМОВ, ERG БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Әлемдік экономикадағы күрделі жағдайға қарамастан, ERG өзінің барлық міндеттемелерін орындауда және әлеуметтік бағдарламаны белсенді іске асыруда. Біз Павлодар облысының әкімдігімен меморандумға білім, денсаулық сақтау және спорт салаларына баса назар аудара отырып, қол қоямыз. Бізге сенім білдіріп, бірлесе жұмыс атқарып жүргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін 

Меморандум аясында ERG тобы «ERG мектебі» және «ERG колледждер үшін» жобаларын іске асыруды жалғастырады. Сондай-ақ, Ақсудағы «Tugan Qala» бастамасының 15 жобасын іске асыруды қаржыландыру көзделген.

СЕРІК ШАХАЖАНОВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТОП ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында Ақсу колледждерінің материалдық-техникалық базаларын дамытуға 200 млн теңгеден астам қаражат бағытталатын болады.Бұл кәсіби мамандардың дайын болып шығуына мол септігін тигізеді. Сондай-ақ, алғаш рет «ERG дәрігерге» бірегей жобасы іске қосылады. Осы мақсатқа 150 млн теңге бөлінді.Онда шетелдік дәрігерлердің жетекшілігімен қазақстандық дәрігерлер шеберлік сағаттарынан өтіп, ота жасатуға да мүмкіндік алады 

Өңір басшысы компания өкілдеріне ұсынылған жобаларға көрсеткен қолдау үшін алғысын білдірді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қай іске де қолдарыңыз тисе әрқашан нәтижелі іс болып жатыр, сол нәтижелі іс жалғаса берсін. Келген жыл сәтті, берекелі болсын. Компанияларыныздың дамып, әрі қарай өсе бергені бізге жақсылық, серпін береді, көптен көп рахмет

 Бюджет есебінен 11 жобаны іске асыру жоспарланған. Оған 8,7 млрд теңге бөлу көзделген. Қаражат қалалардың аула аумақтарын абаттандыруға, жөндеуге және Лермонтов көшесін , Екібастұздағы «Шахтер» саябағын қайта жаңартуға жұмсалады.

 

ҚЫМБАТ САДЫҚ