Көктемде Ертіс ауданы Бұланбай ауылында жаңа мектептің құрылысы басталады. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтар күні мектептен өрт шығып, 130 шаршы метр аумаққа жайылды. Мектеп толығымен жанып кетті. Мектепте білім алған 20 оқушы қазір шағын орталықта оқып жүр. Барлығы 4 сынып бар. Сабақ екі ауысымда өтуде.  

 САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Өрт болған күннен бастап өз басым сол жерде болдым. Аудан әкімдігімен бірге бірлесіп, сол жерде ата-аналар ұжымымен және тұрғындармен үлкен кезедсу жиналыс өткіздік. Талқыладық. Мектеп толық жаным кеткеннен кейін балаларымыз қайда оқуларын жалғастырады. Және оларға қандай жағдай жасамыз деген бірлесіп шығарған шешімііз бар. Алға бетте көрші ауылдарға барып оқу мәселесі туындап тұрды. Тасымал арқылы. Бірақ ауыл тұрғындары бірауыздан тұрғындары ата-аналармен бірлесіп ауылда шағын орталықта біздің 20 оқушымыз шағын орталықта оқу ұйымдастырамыз деп шешім шығардық. 

 Ал шағын орталыққа баратын 8 тәрбиеленуші шағын мектепке орналастырылды. Бүлдіршіндер де ары қарай тәлім алады. Бұл жерде тек бастауыш сынып оқушылары оқитын. Айта кетейік, жаңа мектептің құрылысы көктемде басталып, жаңа оқу жылына дейін салынып аяқталады деп жоспарланған.  

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Және де бұл ауылда шағын орталықта бере алмайды. Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлының тапсырмасы бойынша бүгінгі күні жобалық сметалық құжаттар басталып кетті. Енді күн жылына бастағасын ол жерде мектеп құрылыс бастамыз деп отырмыз. Атап өтерлігі бұл үлкен зәулім ғимарат болмайды. Шағын жинақты мектеп болмақ.

Жанып кеткен мектеп екі тұрғын үй жапсарласып 2010 салынған еді. Алдын ала нұсқа бойынша өрттің себебі – екпінді желге байланысты жақын тұрған бағананың қысқа тұйықталуы.


ӘЙГЕРІМ ТОҚПАН ҚЫЗЫ