Май ауданы Баскөл ауылында жолдар жөнделуде. Ал, округке қарасты екі ауылға кіреберіс жол салынуда. Тұрғындар бұл игілікті ұзақ күткен. Тілшіміз тарқатсын.
Баскөл – Май ауданына сапарлаушыларды қарсы алатын алғашқы ауыл. Ертіс жағасындағы берекесі мен бірлігі жарасқан, талай тарихты бастан өткерген елдімекен. Қай заманның да игілігінен құр қалмаған. Қазір де ауқымды шаралар атқарылуда. Алдымен тұрғындарға ең қажетті саналатын ауылішілік жол салынды.
Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі
Биылғы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша Баскөл аулыдық округте Май ауданының бірқатар жұмыс жоспарланған. Біріншіден ауылішілік жолдарды жөндеу аяқталды. Жалпы 8 көшені қамтып, 4 тен астам км асфальт төселіп. Әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарды жасап алдық.
Баскөл округіндегі Бозша, Жаңатілек ауылына да кіреберіс жол салынуда. Бұл әлібетте алдымен тұрғындардың қуанышы.
Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі
Облыс бюджеті есебінен бізде Баскөл ауылдық округтің бірнеше жылдар бойы көтеріліп келе жатқан мәселе Жаңтілек ауылына кіребесір жол. 3 км ден астам. Сосын Бозша ауылына кіребреіс жол. Көптеген жылдар бойы шешілмеген мәселе.
Осылайша Баскөл ауылынынң ішкі жолдары 75 пайызы асфальтталды. Жол азабын ұзақ тартқан тұрғындар енді өз аулдарында лайға батпай, ой-шұңқырды түгендемей алаңсыз жүрмек.
Жанасыл Серікбол