Баянауыл ауданы, Жұмат Шанин ауылының жастары облыс орталығында футболдан турнир жарысын ұйымдастырды. Оған сыртта жүрген ауыл жастары, студенттер қатысып, бақ сынады.
Ауыл жастары үлкен қалада өз шеберліктерін сынап, футбол ойынын өткізді. Бұл шара жастардың бір-бірімен ұйымшылдығын арттырып, спорттық шеберліктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – ауыл жастарына спорттың маңыздылығын көрсету, достықты нығайту.
Кенжебай Жаңбырбай, Баянауыл ауданының тұрғыны
Ауылдың жастарын спортқа тарту әр жылдар сайын өзімізде өтіп оытрады. Бүгін міне Жұлдыз стадионында өтіп жатыр. Жастарымызды спортқа тартып, ертеңгі мақсатымыз айқын болсын деген себеппен. Тек ғана спортты қолдайық.
Футбол алаңында өткен бұл жарыс ауыл жастары үшін үлкен тәжірибе болды. Олар өздерінің шеберліктерін шыңдай отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды. Мұндай шаралар болашақта да ұйымдастырылмақ.
Қымбат Садық