Биыл өңірдің туристік аймағында 267 мың адам демалады деген жоспар бар. Бұл туралы бүгін өңір басшысының қатысуымен өткен аппаратты жиында айтылды. Өңір туризмі қалай түленеді? Тілші әңгімесінде.

Біздің өңір демалушылар үшін әлеуеті зор аймақтардың бірі. Таулары мен тұнық көлдері бар Баянауыл, емге шипа қарағайлы Шарбақты мен Аққулы. Бұған қоса Тұзды көл мен Маралды бар. Әрине, туризмді тартымды ететіні сөзсіз. Былтыр Павлодар облысында 240 мың адам демалған екен. Оның ішінде 7 мың турист шетелден келген.

Туристердің ең жиі көтеретін мәселесі — жол сапасы, дәретхана мен қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігі, интернет байланысының әлсіздігі. Сонымен қатар, кәсіби гидтер мен туристік ақпараттың аздығы да демалушыларға қолайсыздық тудырады. Мәселе бар. Кезең кезеңімен шешіліп келеді. Қоғамдық тәртіпте қадағаланады. Онда Жасыбай, Сабындыккөл және Торайғыр көлдері жағасында бейнебақылау және полиция бекеттері орнатылады.

Азамат Имашев, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Жазғы маусым туристер көп жиналатын жерлерде демалушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция кезекшілігі қамтамасыз етіледі.Мәселен, негізгі туристік орында – Баянауыл ауданында 7 қызметкерден тұратын 2 туристік полиция пункті бар, сонымен қатар Жасыбай демалыс аймағының аумағында полиция арнайы күштері мен медициналық пунктінің 10 қызметкерінен тұратын кезекшілік қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Жасыбай демалыс аймағында және Торайғыр ауылында 12 бірлік бейнебақылау камерасы қосылған.

Туристік маусым— демалуға арналған уақыт. Бірақ қауіпсіздікті естен шығармау керек. Бұл тек құтқарушылар мен тәртіп сақшыларының ғана емес, әр азаматтың ортақ міндеті.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Былтыр өңірімізде 8 адам суға батып кетті. Оның ішінде 2 баланың өмірі қиылды. Бұл бағыттағы жұмысты үйлестіру қажет. Су айдындарына қала аудан әкімдері аса жауапты болады.

Павлодар облысы — табиғат берген байлыққа ие өңір. Алайда бұл байлықты табысқа айналдыру үшін и нфрақұрылым, сервис, маркетинг, кадр және мемлекеттік қолдау қажет. Сонда ғана туристер ағылып, мүмкіндігі артады. Айта кетейік баянауылда демалыс кезеңі 14 маусым күні ашылады. Ал Абай облысы Алакөл көліне Павлодардан 20 маусымнан пойыз жүре бастайды.

Әйгерім Тоқпанқызы