Біздің арнамызға Павлодар ауданы Богдановка ауылының тұрғындары жүгінді. Ауылға апаратын жолдың жағдайы нашарлап кеткен. Екі ортаға қатынайтын тұрғындар көліктерін жөндеп үлгермейді. Сондықтан шұрық тесікке толы аумақты жөндеп беруді сұрап отыр.
Самал Қалиқызы, тілші
Бұл облыс орталығынан 55 шақырым жерде орналасқан Богдановка ауылына апаратын жолдың көрінісі. Жағдай көңіл көншітпейді. Жүргізушілер жолдың шетін айналып өтуге мәжбүр. Біреулер тіпті жағдайды реттеу мақсатында қиыршық тастар сепкен екен. Бірақ мәселе мұнымен шешілмейді.
Богдановка ауылы Павлодар ауданы Луганск ауылдық округіне қарасты. Мында 70-80 шақты аула 300-ге жуық адам тұрады. Соңғы жылдары елдімекенге кіріп шығу қиындап кетті деп отыр олар.
Даниил Гельгорн, Богдановка ауылының тұрғыны
Бұл Луганскіден Богдановка ауылына баратын жолдың бойы. Екіортада қатынау қиындап кетті. Көлігімді жөндеп үлгермеймін. Алдыңғы бамперін бірнеше рет соғып алдым. Оны жөндеу мен үшін қосымша шығын. Жолдың жағдайы 3 жылға жуық осындай болып, қалды. Яғни салық төлейміз, көлік жөндейміз, бірақ жол әлі жөнделмеді. Әкімдікке айттық, бірақ менің санауым бойынша бұл мәселе 15 жыл шешемін таппай келеді.
8 жыл бұрын бұл аумақ жөнделген, бірақ, «ақылды» жол жөндеушілер аумаққа асфальт төсеп тастап, басқа аумақты жөндеуге осы асфальт үстінен ауыр техника тасыған. Яғни жолды мердігерлер өздері жасап, өздері бұзды дейді тұрғындар. Ал, ауыл ішінде жолдар тіпті жоқ.
Владимир Клименко, Богдановка ауылының тұрғыны
50 жылдар осында тұрамын. Алдымен тұрғындарға айтарым, биліктен келіп су өткіземіз, бәрін қатырамыз десе сенбеңіздер. Себебі, біздегі жағдай сияқты бар нәрсені бұзып кетеді. Ауыл ішінде асфальт жоқ, бар жолымызды бірнеше жыл бұрын бұзып кетті. енді көктем, күз болса ауылда аяқ алып жүру қиын.
Юрий Каноненко, Богдановка ауылының тұрғыны
Әкім есеп береді. Істеймін деп уәде береді. 3 жыл бойы істеп береміз деп айтып келеді. Сайлау өтеді, есеп өтеді, бәрі сол қалпы қалады.
Ауыл әкімі жол мәселесі барын жасырмады. Әзірге тек жобалар әзірленіп жатыр деп сендірді.
Вадим Щеглов, Луганск ауылдық округінің әкімі
2026 жылы барлық кіреберіс жолдар асфальтталу керек. Қазір жоба сараптамада. Богдановка ауылының Молодежная көшесінің жөнделуі де сараптамада. 2026 жылға жоспарланған. Ефремовка-Луганск-Богдановка жолы бойынша Павлодар ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша орташа жөндеуге жоба әзірленіп жатыр. Тек 2026 жылы жүзеге асады деп отырмыз. Сондықтан биыл ол жерде жұмыстар жүрмейді.
Өркениет өрге жүргенімен, тіршіліктің кей тұстары әлі де ақсап тұр.Ауылда бұдан да басқа проблемалы сұрақтар жетеді. Бұл мектептің шатыры, жарықтандыру, мәдениет үйінің жөнделуі. Сондықтан тұрғындарға тек күтіп, сену ғана қалады.
Самал Қалиқызы